616
Қалыптасқан уақытша байланыстың өткізгіштік қасиетін
сақтауда импульстердің қыртыста сақиналы сипатта айналуының
да маңызы зор. Мəселен, ми қыртысының бесінші қабатындағы
пирамидалық торшалардың төменгі аксонынан тараған бүйір
тармақтар қыртыстың беткей қабаттарына көтеріліп, екінші жəне
үшінші қабаттың аралық нейрондарында аяқталады. Осы жол-
дармен пирамидалық торшалардан тараған импульстер аралық
пирамидалық торшаларға кері оралып, оларды қайта қоздырады.
Тұйықталған бүйір тармақтарға импульстер қозу күші тым
жоғарылап кеткен жағдайда немесе осы жолды құрайтын
элементтердің қозғыштығы артқан кезде ғана таралатын болу
керек. Бұл жағдай шартты жəне шартсыз тітіркендіргіштер
əсерлері қатарласып, импульстердің екі ағыны қабаттасқан кез-
де байқалады. Өз кезегінде импульстердің тұйықталған сақиналы
жүйеде айналуы уақытша байланыс қалыптасқан нейрондар си-
напстарында жоғары қозғыштық қасиетті сақтауға мүмкіндік
береді.
Достарыңызбен бөлісу: