Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Ұйқы жəне оның табиғаты. Гипноз



Pdf көрінісі
бет466/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   462   463   464   465   466   467   468   469   ...   542
20.10. Ұйқы жəне оның табиғаты. Гипноз

Табиғи процестерге тəн айналымды сипаттар (циклдер) жердің 

күн шеңберіндегі қозғалысына жəне оның өз осінде айналуына 

байланысты. Алғашқы құбылыс жыл мерзімінің алмасуы мен 

мінез-қылықтың маусымдық ырғағының, ал соңғы процесс күн 

мен түннің алмасуының, мінез-қылықтың тəуліктік (циркадалық) 




623

ырғағының негізінде жатады. Сүт қоректі жануарлардың көп-

шілігінде тəуліктік ырғақ туа байқалмайды, ол тіршілік бары-

сында организмнің өзіне ғана тəн ішкі ырғақ түрінде біртіндеп 

пайда болады. Тəуліктік ырғақ неғұрлым шапшаң қалыптасса, 

соғұрлым организм қоршаған орта жағдайына тезірек бейім-

деледі. Ішкі ырғақтың қалыптасуында күн мен түннің алмасуы, 

осымен байланысты əртүрлі тітіркендіргіштер сипатындағы өз-

герістер маңызды рөл атқарады. Организмнің ішкі тəуліктік ыр-

ғағының бейнесі ретінде ұйқы мен ояу күйді (сергектікті) кел-

тіруге болады.

Ұйқы - жалпы организмнің, оның миы мен жүйке жүйесі əре-

кетінің бəсеңдеп, сыртқы тітіркендіргіштерге жауап реак 

ция-

лардың  төмендеуімен,  ми  нейрондарының  ерекше  бел сен ділігінің 



қалыптасуымен сипатталады. Ұйқы - азық қа был дау мүмкіндігі 

шектелген, сыртқы орта жағдайларының күрт ауытқулары мен 

жыртқыштар қатері кеміген кезде организмнің белсенділігін тө-

мендететін физиологиялық күй. Аталған факторлармен ұйқы ның 

ұзақтығы жəне ерекшеліктері тығыз байланысты. Ұйқы зат алма-

су қарқынын, организмнің белсенділігін өзгертеді, ол ішкі табиғи 

мұқтаждық болып табылады.

Ұйқының екі: жалғыз фазалы жəне көп фазалы түрі болады. 



Жалғыз фазалы ұйқыға күндізгі немесе түнгі ұйқы мен ояу күйдің 

тəулік бойына бір ғана рет алмасуы тəн. Көп фазалы ұйқыда ояу 

күй мен ұйқы тəулік ішінде бірнеше рет қайталанып, алмасып 

отырады.


Қазіргі кезде қалыптасқан көзқарастарға сəйкес ұйқының 

əрбір кезеңінде бірін-бірі алмастырып отыратын екі саты: баяу 

толқынды (сергек, ортодоксальды) ұйқы жəне терең (шапшаң, 

пародоксальды) ұйқы байқалады. Сергек, ортодоксальды ұйқы 

кезінде ЭЭГ-да жоғары амплитудалы баяу, дельта-толқындар, ал 

терең, парадоксальды ұйқы сатысында жиі ырғақты, кіші ам-

плитудалы толқындар жазылады. Соңғы сипаттағы белсенділік 

негізінен ояу күйге тəн. Демек, ұйқының екінші сатысында 

ЭЭГ сипатына қарағанда, ми белсенді қызмет жағдайында, ал 

организмнің өзі ұйқыда болады. Сондықтан ұйқының бұл саты-

сын пародорсальды ұйқы деп атайды.

Жоғарыда баяндалған ұйқы сатылары бір-бірінен веге 

та-


тивтік қызметтерде туындайтын өзгерістердің сипатымен де 

ерекшеленеді. Мысалы, сергек ұйқы сатысында тамырдың со-

ғуы сиреп, артериялық қысым төмендесе, терең ұйқы кезінде 

«вегетативтік дауыл» соғып, тыныс жиілейді, оның реттілігі 



624

өзгереді, тамырдың соғуы жиілеп, оның ырғақтылығы бұзылады, 

артериялық қысым жоғарылайды, гормондардың белсенділігі 

ар тады, малдың мұрты жыбырлап, құлақтары қимылдайды, ая-

ғы қозғалып, жұтыну, қас қағу сияқты əрекеттер байқалады. Жо-

ғарыдағы өзгерістерге қарамай жұлын мотонейрондарының əре-

кеті күшті тежелу жағдайында болады.

Пародоксальды (терең, шапшаң) ұйқы эволюциялық даму 

кезінде кейінірек пайда болған. Бауырымен жорғалаушыларда 

ұйқының бұл түрі байқалмайды, құстарда нашар дамыған, сүт 

қоректілер қатарында оның үлесі көбейе бастайды (43-кесте).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   462   463   464   465   466   467   468   469   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет