(А. М. Вейн, 1970).
ұзақтығы, мин.
жағдайына қарай өзгеріп отырады. Жас төлдерде парадоксаль-
ды ұйқы сатысы басымырақ. Мысалы, 8 күндік көжекте оның
3,7% ғана болады. Сақа жануарларда парадоксальды ұйқы
күйісті малда 3-4%). Байлауда бағылған сиырда парадоксальды
жайлым жағдайында ол 20 минутқа дейін қысқарады (И. В. Ру-
кебюш). Майда жануарларда, ірі жануарлармен салыстырғанда,
мин,, адамда – 1,5 сағ., пілде – 2 сағатқа жуық келеді.
шошқа тəулігіне 5-7 сағ. ұйықтайды. Олардың ұйқысы тəулігіне
625
7-8 кезеңде өтеді. Сонымен қатар үй жануарлары тəуліктің біраз
уақытын қалғу жағдайында өткізеді.
Ұйқы - күрделі нейрогуморальдық құбылыс болып табы-
лады. Оның табиғатын зерттеу барысында екі түрлі теория -
гуморальдық жəне жүйкелік қалыптасқан. XX ғасырдың басында
Француз ғалымдары ұйқы тəуліктік əрекет барысында зат алмасу
өнімдерінің - гипнотоксиндердің жинақталуы салдарынан туын-
дайтын құбылыс деген болжам айтқан. Қатты шаршаған, немесе
қысқы ұйқы жағдайындағы жануар миының сығындысын еккен-
нен соң мысық пен ит ұйқыға кеткен.
Француз ғалымы М. Монье (1965) ж) айқас қан айналым жа-
сау арқылы қоянға жүргізген тəжірбиесінде қызық нəтиже алған.
Бірінші қоян миының ұйқы туғызатын аймағын тітіркендіргенде,
екінші қоян да ұйықтап қалған. Бұл құбылысты бірінші қоян
организмінде жиналған гипнотоксиндердің (ацетилхолин, гамма–
аминді май қышқылы, серотонин) екінші организмге таралуымен
түсіндіруге болады. Бірақ П. К. Анохин зертханасында қан айна-
лымы ортақ болып жабыса туған егіздердің бірі ұйқыға кеткенде
екіншісінің сергек жағдайда болуы жайлы жинақталған фактілер
бұл теорияның дұрыстығына күмəн тудырады.
XІX ғасырдың ортасынан бастап ұйқының жүйкелік теориясы
қалыптаса бастады. 1933 жылы Швейцария физиологы В. Гесс
аралық мидың гипоталамустық аймағында ұйқы орталығы бо-
латыны жайлы болжам айтты. Ол иттің аралық миының артқы
бөлімін жіңішке электрод арқылы тітіркендіріп, 10–40 минутқа
созылатын ұйқы тудырған. И. П. Павлов В. Гесс ұсынған ұйқының
қыртыс асты құрылымдарға тəн құбылыс екенімен келіспей,
қыртыстық механизмдерге бой ұсынған. Шартты рефлекстерді
зерттеу үстінде ол ішкі тежелудің нəтижесінде иттерде ұйқы-
шылдық байқалатынына көңіл аударған. Кейбір жағдайларда
тежеуші тітіркендіргіштер əсерімен ит тіпті, ұйықтап та қалған.
Өз тəжірибелеріне сүйене отырып, И. П. Павлов ұйқыны үлкен ми
Достарыңызбен бөлісу: