Оқулық. Алматы: жшс рпбк


-сурет. Ұлудың (иірімді түтіктің) көлденең кесіндісінің көрінісі  662



Pdf көрінісі
бет490/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   486   487   488   489   490   491   492   493   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

243-сурет. Ұлудың (иірімді түтіктің) көлденең кесіндісінің көрінісі 


662

жəне  дөңгелек қапшыққа бөлінеді. Сопақша қапшық жартылай 

дөңгелек түтіктермен (тепе-теңдік мүшесі), ал дөңгелек қапшық 

ұлумен жалғасады.



Ұлу (иірімді түтік) орталық білікті бойлай спираль тəрізді 

екі айналым жасай орналасқан құрылым. Рейснер жəне негізгі 

мембраналар арқылы ол үш жіңішке өзекке бөлінеді (243-су-

рет). Оның сопақша тесіктен басталатын бөлігін «саға өзегі», ал 

дөңгелек тесікпен жалғасатын бөлігін «дабыл өзегі» деп атайды. 

Ұлудың ұшында бұл екі өзек бір-бірімен тар тесік - геликотрема 

арқылы жалғасады. Аталған екі өзек те перлимфамен толған. Осы 

өзектер арасында аталған мембраналармен шектелген ұлу өзегі 

жатады. Ол эндолимфамен толған. Ұлу өзегінде негізгі мембра-

наны бойлай дыбыс толқынын қабылдайтын Корти мүшесі орын 

тебеді.

Корти мүшесі өте күрделі құрылым. Ол түкті есту торшалары 

мен сүйеніш торшалардан құралған. Есту торшаларының ұшында 

өте жіңішке түктер болады. Бұл торшалар есту мүшесінің ре-

цепторы болып табылады, олар дыбыс толқынының əсерін қозу 

процесіне айналдырады.

Осы торшалардың жоғарғы жағында бір ұшы сүйекті тұлғаға 

жалғасып, екінші ұшы бос жататын жабынды табақша орналаса-

ды (244-сурет). Дыбыс толқыны ұлудағы перилимфаға əсер етіп, 

оны тербетеді. Осының нəтижесінде негізгі мембрана тербеледі 

де, онда орналасқан есту торшаларының түктері жабынды мем-

бранамен түйіседі. Бұл сезімтал торшаларда қозу процесінің пай-

да болуына себепші болады. 

Есту торшаларына ұлудың спиральдық жүйке ганглийінде 

орналасқан қос өрісті жүйке торшаларының өсінділері келеді 

де, олар осы жерде тор түзеді. Ал осы биполярлы торшалардың 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   486   487   488   489   490   491   492   493   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет