Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Жүрек етінің физиологиялық қасиеттері



Pdf көрінісі
бет50/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

5.4. Жүрек етінің физиологиялық қасиеттері

Жүрек еттеріне қаңқа еттері сияқты қозғыштық, жиырыл-



ғыштық, қозу толқынын өткізгіштік қасиеттері тəн.

Қозғыштық. Жүрек еттері электрлік, механикалық, темпера-

туралық, химиялық тітіркендіргіштердің əсерінен əрекетті, бел-

сенді күйге көше алады. Тітіркендірудің əсерінен натрий ион-

дары ет талшықтарының ішіне өтеді де, мембрана үйексізденіп, 

жүректің қозған бөлігінде теріс заряд пайда болады да, қозған 

жəне қозбаған бөліктер арасында потенциалдар айырмасы туын-

дайды.

Миокард торшаларында қаңқа еттерімен салыстырғанда əре-



кет потенциалдары ұзағырақ (200-400 мс) сақталады (жүйке жəне 

қаңқа еттерімен салыстырғанда 100 есе ұзақ). Жүректің соғу 

жылдамдығы минутына 70-ке тең болса, əрекет потенциалының 

ұзақтығы 0,3 секунд. Жүректің жұмысы жиілесе, ол қысқарады, 

ал сиресе - ұзарады. Қозудың бір толқыны екіншісімен тезірек ал-



73

масса, əрекет потенциалы тезірек өшеді. Осының əсерінен жүрек 

еттері Кис-Фляк түйінінде пайда болатын қозудың ырғағына 

бейімделеді. Қозу толқыны ұзақтығының өзгеруінің арқасында 

жүрек жұмысының ырғағы өзгереді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет