Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Жүрек жұмысының жүйкемен реттелуі



Pdf көрінісі
бет66/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

Жүрек жұмысының жүйкемен реттелуі. Жүрек қызметін 

со пақша мида орналасқан арнаулы орталық симпатикалық жəне 

кезеген жүйкелер арқылы реттейді. Барлық вегетативтік жүйкелер 

сияқты, жүрек қызметін реттейтін симпатикалық жəне кезеген 

жүйкелер екі нейроннан тұрады. Симпатикалық жүйкенің бірінші 

нейроны жұлынның көкірек бөлігінің алдыңғы бес сегменттерінің 

бүйір мүйіздерінде орналасады да, оның өсінділері жұлдыз тəрізді 

симпатикалық түйінге келіп аяқталады. Бұл түйіндегі екінші ней-

рон өсінділері жүректің ет талшықтарына жетіп тарамданады. 

Оң симпатикалық жүйке - Ашофф-Тавар түйінін жүйкелендіреді. 

Қарынша еттеріне жүйке екі жақтан да таралады, Кис - Фляк 

жəне Ашофф - Тавар түйіндерінде аяқталған жүйке талшықтары 

жүрек жұмысының ырғағын, ал қарыншаларда аяқталған жүйке 

талшықтары – жүрек еттерінің жиырылу күшін реттейді.

Кезеген жүйкенің бірінші нейроны сопақша мида орналаса-



89

ды. Оның түйінге дейінгі ұзын (преганглийлік) өсінділері жүрек-

тегі жүйке түйіндеріне келіп аяқталады. Жүрек түйіндерінде 

орналасқан екінші нейрондар өсінділері оң жақтан Кис-Фляк, 

ал сол жақтан Ашофф-Тавар түйіндерінде аяқталады. Қарынша 

ет 

теріне кезеген жүйке жетпейді. Оң кезеген жүйке жүрек 

жұмысының ырғағын, ал сол кезеген жүйке Ашофф-Тавар түйі-

нінің өткізгіштігін реттейді.

Кезеген жүйкенің жүрекке əсерін алғаш рет неміс ға 

лым-

дары ағайынды Веберлер зерттеген. Иттер мен қояндарға жүр-



гізілген тəжірибелердің негізінде олар кезеген жүйкеге күшті 

тітіркендіргішпен əсер еткенде жүрек жұмысының тоқтап қала-

тынын, ал əлсіз тітіркендіргіштің əсерінен жүрек ырғағының 

баяу лайтынын дəлелдеді. Демек, кезеген жүйке жүрек жұмысы на 

теріс əсер етіп, оның қызметін баяулатады (27-сурет).

Неміс ғалымы Энгельманның жіктеуіне сəйкес кезеген 

жүйке жүрекке бес түрлі əсер етеді. Оны тітіркендіргенде жүрек 

жұмысының ырғағы баяулайды (теріс хронотропты əсер – “хро-

нос” - латын тілінде уақыт деген мағына береді), жүрек еттерінің 

жиырылу күші əлсірейді (теріс инотропты əсер, “инос” - талшық 

деген мағына береді), қозғыштығы төмендейді (теріс батмо-

тропты əсер, “батмос” - табалдырық деген мағына береді), 

өткізу жылдамдығы баяулайды (теріс дромотропты əсер, “дро-

мос” - жол деген мағына береді), теріс тонотропты əсер – жүрек 

етінің тонусы төмендейді. Кезеген жүйкенің əсерінен жүрек 

етінің рефрактерлік кезеңі қысқарып, мембраналық потенциал 

өседі, гиперүйектену процесі байқалады. Кезеген жүйкені ұзақ 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет