Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Жүрек жұмысының сырт белгілері



Pdf көрінісі
бет62/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

5.6. Жүрек жұмысының сырт белгілері

Жүрек жұмысы əртүрлі механикалық жəне дыбыстық құбы-

лыстармен бейнеленеді. Жүрек еттері жиырылған кезде жүрек өз 

осінде бұралып, көкірек қабырғасына соғылады. Осы құбылысты 



жүрек қағу деп атайды. Адам мен итте кеудені жүрек ұшымен 

қақса, малда - бүйір бетімен қағады. Осыдан жүрек қағуын 



төбелік жəне беткейлік деп жіктеп, оны арнаулы құрал - кардио-

граф көмегімен тексереді.

Қан жүректен қуылып, тамырлармен жылжыған кезде денеде 

əлсіз тербеліс туындайды. Оны арнаулы баллистокардиография 

əдісімен зерттейді. Бұл əдіс жүрек еттерінің жиырылу күші мен 

оның əртүрлі бөліктерінің жиырылуындағы үйлесімдікті зерттеу-

ге мүмкіндік береді.

Жүректің қағу жиілігі əртүрлі жағдайларға қарай өзгеріп оты-

рады. Оған түлік түрі, малдың жасы, өнімділігі, физиологиялық 

күйі, т.б. əсер етеді. Жылқыда жүрек минутына 32-42 рет, сиырда 

- 60-80, қой-ешкіде - 60-80, шошқада - 60-80, түйеде - 32-56, итте 

- 70-80 рет қағады. Мал ұсақ болса, оның жүрегі жиірек, ал ірі 

болса, сирегірек қағады.

 Жүрек жұмысы кезінде дыбыстар пайда болады. Оларды аус-



культация (тыңдау) əдісімен стетоскоп, не фонендоскоп ар қылы 

немесе арнаулы аспаппен жазып (фонокардиография) зерт тейді. 

Жүрек дыбысын негізгі І жəне ІІ, қосымша ІІІ, ІV, V-үндерге 

бөледі. І - дыбыс төмен, бəсең, созылыңқы, көмескі ке леді. Ол 

систола кезінде пайда болады да, систолалық дыбыс деп атала-

ды жəне ЭКГ-ның S кертпешімен сəйкес келеді (26-сурет). Бұл 

дыбыс жармалы қақпақшалардың жабылуының жəне қарынша 

еттерінің жиырылуының салдарынан пайда болады. Екінші 



диастолалық дыбыс - күшті, ашық, жоғары, келте келеді, соңында 

күрт үзіледі. Ол ЭКГ-ның Т-кертпешіне сай келеді. Диастолалық 

дыбыс жүрекше еттері босаңсып, жарты айшық қақпақшалар 

жабылған сəтте пайда болады.

ІІІ дыбыс - əлсіз, сирек толқын ретінде қарыншаның жыл-

дам толу сатысында пайда болады. ІV дыбыс сирек естіледі. Ол 




85

жү рекшелердің жиырылуы кезінде пайда болады. V дыбыс си-

рек толқын ретінде ІІ дыбыс естілген соң 0,3 секундтан кейін 

байқалады. Оның табиғаты əлі күнге дейін анықталған жоқ. Бұл 

соңғы үш дыбыс өте əлсіз болғандықтан тек фонокардиография 

əдісімен ғана зерттеледі.

Жүрек қақпақшаларының жұмысы бұзылса, бұл дыбыстар 

өзгеріп, қосымша дыбыстар - əртүрлі шулар естіледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет