Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Жүрек қызметінің реттелуі



Pdf көрінісі
бет65/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   542
5.8. Жүрек қызметінің реттелуі

Биологиялық жүйелер өзінің сенімділігімен ерекшеленеді. 

Оған организмде жиі байқалатын жұптану принциптері дəлел. 

Бұл кездейсоқ жағдай емес. Мысалы, қос бүйрек, қос өкпе, т.с.с. 

Ал организмге ең қажет ағзаның бірі – жүрек. Ағылшын ғалымы 

Дж. Баркрофт кезінде “Мені организмде тек жалғыз ғана жүрек 

болуы таңдандырады”, - деп жазған болатын. Осыдан бұл күрделі 



87

ағзаның сенімді жұмысы қалай ұйымдастырылған деген заңды 

сұрақ туады.

Қазіргі кезде жинақталған деректерге қарағанда қан айна-

лым жүйесі қызметінің сенімділігі жүрек жұмысын реттеу ме ха-

низмдерінің өте жақсы жетілгеніне, күрделілігіне байланысты.

Жүрек қызметін реттейтін тетіктерді үш топқа бөлуге бола-

ды: торшалық, ағзалық (интракардиалық) жəне жүректен тыс 

(экстракардиалық) механизмдер.

1. Торшалық реттеу тетігі  миокардтың  əрбір  тор  шала ры ның 

генетикалық аппараттарынан, органелдерінен, ион 

дық – мем-

браналық тетіктерінен, ферменттік жүйелерінен құра лады. Бұл 

тетік миокард торшаларында қозу мен жиырылу про цес терінің 

туындауын, олардың арабайланыстарын, энергия жəне зат алма-

суларын қамтамасыз етеді. 

2. Ағзалық реттеу тетігі миокардтың синцитий түрінде құ-

ралуымен, жүректің өткізгіш жүйесімен, қабырғалық арнаулы 

жүйке аппараттарымен, торша аралық иондық жəне гуморальды 

заттармен қалыптасқан. Бұл механизм жүректің біртұтастығын, 

жұмысының үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Оны атқаруда 

жүректің қабырғалық жүйке аппараттарының рөлі зор.

Жүректің қабырғалық жүйке түйіндері - бұл органның күрделі 

қызметін шалғай рефлекс принципімен реттейтін құрылым. Бұл 

пікір дəлелді болу үшін бір мысал келтіріп өтейік.

Хирургиялық операция арқылы ауыстырылып отырғызылған 

немесе ми мен жұлыннан келетін барлық жүйкелері қиылып 

тасталған мал жүрегі жүйкемен реттеу тетіктерінің бұзылуына 

қарамай, өз қызметін атқарып қана қоймайды, сонымен қатар ор-

ганизм мұқтаждығына қарай оны бейімдеп, өзгерте алады. Бірақ 

жүйкесізденген жүректің қызметі организмге ауырлық түскенде 

тез өзгере қоймайды. Оның организм күйіне бейімделуі баяу 

жүреді. Мұндай жүрек жұмысты тоқтатқаннан соң ұзақ уақыттан 

кейін ғана қалыпты күйіне оралады.

Жүрек жұмысы үш түрлі жолмен өздігінен реттеледі.

А). Гидродинамикалық аутореттеу тетігі арқылы. Бұл тетік 

“гидродинамикалық кері байланыс” арқылы жүректің оң жəне 

сол бөлімдерінің жұмысын үйлестіріп отырады. Мысалы, əртүрлі 

ырғақта жұмыс істеп тұрған “оқшауланған” екі жүректі бірінен 

қуылған қан екіншісіне, ал екіншісінен қуылған қан қайтадан 

бірінші жүрекке оралатындай етіп ортақ жүйеге қосса, олар бір 

ырғақта жұмыс істей бастайды. Оған бұл екі жүректің арасын-

да гидродинамикалық “кері байланыстың” қалыптасуы себеп 

болады. Демек, жүректің ырғағы мен жиырылу күші жүректің 

қуысындағы қысымға сəйкес өзгеріп отырады.



88

Ə).  Гетерометриялық аутореттеу тетігі арқылы. Бұл те-

тік жүрек еттерінің жиырылу күшін оның ет талшықтарының 

бастапқы созылу дəрежесіне қарай өзгертіп отырады. Осы ме-

ханизм  “Старлинг заңын” түсіндіруге негіз болады. Жүрек еті 

неғұрлым көбірек созылса, соғұрлым ол күштірек жиырылады.

Б).  Гомеометриялық аутореттеу тетігі арқылы. Қалыпты 

жағдайда жүректің жиырылу күші миокард талшықтарының 

бастапқы ұзындығына (жүректің толу, керілу дəрежесіне) сəйкес 

қана өзгермей, жүрек еттеріндегі иондардың концентрациясы-

на байланысты да өзгеріп отырады. Жүректің жиырылу кезеңі 

ұзарса, жүректің ет талшықтарындағы кальций иондарының кон-

центрациясы көбейеді. Жүректің соғу ырғағы жиілесе де оның 

еттерінің жиырылу күші артады. Оның себебі бұл жағдайда диас-

тола қысқарып, систола кезінде ет талшықтарына енген кальций 

иондары қайта шығып үлгермей, оның торшалардағы концентра-

циясы жоғарылайды. Дəл осы феномен “Боудич баспалдағының” 

негізінде жатады.

Демек, жүректің өзінде орналасқан реттеу тетіктері тек 

оқшауланған жүрек камераларының жұмысын қамтамасыз етіп 

қана қоймай, сонымен қатар олардың белгілі бір ретпен, күшпен 

жиырылуын, миокард талшықтарының босаңсу дəрежесі мен 

оның жылдамдығын реттейді.

Жүректің қызметі сыртқы жəне ішкі ортаның жағдайына бай-

ланысты организмнің мұқтаждығына қарай бейімделе өзгеруі 

ағзадан тыс реттеу механизмдерінің əсерімен жүреді.

 3. Жүректен тыс (экстракардиалық) реттеу тетіктері жүйке 

мен гуморальды заттар əсеріне негіделген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет