Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет83/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

44-сурет. Адреналиннің қан қысымына əсері. 

Нұсқама-адреналинді еккен мезгіл

 Қан тамырлары бүйректе түзілетін ренин деген заттың əсе-

рінен де тарылады. Ренин өздігінен тамырды тарылта алмайды. 

Ол қан құрамындағы ренин күшейткіштің əрекетінен гипертен-

зинге айналған соң ғана тамыр тарылтатын қабілетке ие болады.

Тамырларды кеңейтетін заттарға ацетилхолин, гистамин, 

бра дикинин жатады. Гистамин ішек-қарын қабырғасында жəне 

басқа да органдарда түзіледі. Ол артериолаларды кеңейтіп, 

капиллярлардың қанмен толуын жақсартады. Оның əсерімен қан 

қысымы төмендейді.



Брадикинин өкпе ұлпаларынан, алқым жəне ұйқы бездерінен 

бөлініп алынған полипептид. Ол артериолалардың бірыңғай са-

лалы еттерін босаңсытып, артерия қысымын төмендетеді.

Ацетилхолин парасимпатикалық жүйке ұштарында түзілетін 

холин мен сірке қышқылының күрделі эфирі. Оның əсерінен 

артериолалар кеңейіп, қан қысымы төмендейді (45-сурет). Қан 

тамырлары  аденозинүшфосфор қышқылы мен оның ыдырау 

өнімдерінің, көмір қышқыл газының, сүт қышқылының əсерінен 

де кеңейеді.

45-сурет. Ацетилхолиннің қан қысымына əсері. 

Нұсқама-ацетилхолинді еккен мезгіл






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет