109
5.16. Қан айналымының рефлекстік жолмен реттелуі
Қан қысымының салыстырмалы тұрақтылығы орталық жүй-
ке жүйесінің жүрек пен қан тамырлары арнасын реттейтін ор та-
лықтарының əрекеті нəтижесінде сақталады. Ал бұл орта
лық-
тардың физиологиялық күйі қан тамырларының кейбір аймақтары
мен дененің əртүрлі бөліктеріндегі сезімтал жүйке ұштарынан
келетін жүйке импульстерінің табиғатына қарай өзгеріп отырады.
Қан тамырларының сезімтал жүйке ұштары жинақталған
аймақтарын рефлексогендік аймақтар (зоналар) деп атайды. Қа-
зіргі кезде қолқа, күре тамыр (синокаротид) жəне Бейнбридж
аймақтарының қызметі толық зерттелген.
Қолқаның рецепторлы аймағы депрессор жүйкенің сезімтал
ұштарынан құрылған. Бұл аймақты 1866 жылы И. Ф. Цион мен
К. Людвиг ашқан. Аталған жүйкені тітіркендіргенде қан қысымы
төмендейді, сол себептен оны депрессор деп атаған.
Қолқа доғасында қан қысымы жоғарыласа, тамыр қабырғасы
керіліп, барорецепторлар тітіркенеді де, қозу импульсі депрес-
сор жүйкесі арқылы сопақша мида орналасқан жүрек пен қан
тамырларының қызметтерін реттейтін орталықтарға бағытталады.
Орталықтан қозу толқыны кезеген жүйке арқылы жүрекке жəне
вазодилятаторлар арқылы қан тамырларына жіберіледі. Осыдан,
жүрек жұмысы баяулап, қан тамырлары кеңиді де, қан қысымы
төмендеп, қалпына келеді.
Неміс ғалымы Э. Геринг 1923 жылы күре тамыр қойнауында
(синуста, тамырдың сыртқы жəне ішкі тармақтарға бөлініп, кеңіген
жерінде) тағы бір рефлексогендік аймақ болатынын дəлелдеді.
Бұл аймақ күре тамыр (аrtеrіа саrоtіs) аймағы деп аталады. Ол
тіл–жұтқыншақ жүйкесінің тармағы - Геринг жүйкесінің сезімтал
ұштарынан түзілген. Геринг жүйкесінің физиологиялық маңызы
белгия ғалымы Гейманс тəжрибелерінде зерттелген (46-сурет).
Суретте бейнеленгендей, тамырларды буу арқылы ол бірінші
иттің күре тамыр аймағын жалпы қан айналымынан бөліп алып,
екінші иттің қан айналым жүйесіне қосқан. Осыдан кейін ІІ иттің
қан қысымын жоғарылатқанда І иттің күре тамыр аймағының
керілуінің салдарынан оның жүрегінің жұмысы баяулап, тамыр-
лары кеңейіп, қан қысымы төмендеген. Ал ІІ иттің қан қысымын
төмендеткенде, І итте, керісінше, жүрек жұмысы жиілеп, қан та-
мырлары тарылып, қысым жоғарылаған. Кейбір тəжірибелерінде
Гейманс І иттің бүйрек үсті венасын үшінші иттің ойыс венасымен
жалғастыра отырып, күре тамыр аймағында қысым төмендеген
жағдайда адреналин гормонының бөлінуі күшейіп, үшінші иттің
қан қысымы жоғарылайтынын дəлелдеген. Демек, қан қысымын
110
реттеуде рефлекстік əсерлермен қатар
гуморальдық факторлар да маңызды
рөл атқарады. Осы зерттеулері үшін
Геймансқа Новель сыйлығы берілген.
Сонымен, қолқа мен күре тамыр
аймақтарының барорецепторла
ры қан
қысымының жоғарылауына байланысты тітіркенсе, жү
рек жұ-
мысы баяулап, қан тамырлары кеңиді де, қан қысымы тө
мен-
дейді. Ал тамырдағы қысым қалыптан төмендеп кетсе, баро-
рецепторларға əсер азайып, жүрек жұмысы жиілейді, тамырлар
тарылады да, қысым қалыпты деңгейге көтеріледі.
Қан айналымын реттеуде қуыс веналар сағасында орналасқан
сезімтал жүйке ұштарының – Бейнбридж аймағының, да маңызы
зор. Егер жүрекке қан көбірек оралса, жүрекшелер мен қуыс ве-
налар керіліп, олардың қабырғасында орналасқан барорецептор-
лар тітіркенеді де, рефлекс түрінде жүрек жұмысы жиілеп, қан
тезірек артерияларға қуылады.
Қолқа мен күре тамыр қойнауында барорецепторлармен қатар
қан құрамының өзгерістерін сезінетін сезімтал жүйке ұштары –
хеморецепторлар, да болады. Олар тамыр сыртында қолқа жəне
күре тамыр түйіндерінде орналасқан. Күре тамыр түйіні (glomus
саrоtіcum) күре тамырдың ішкі жəне сыртқы артерияларға
тармақталған жерінде орын тепкен (47-сурет).
Түйінде көптеген тамыр тораптары болады, сондықтан қан
құрамындағы кейбір заттар капиллярлар қабырғасынан сүзі-
ліп шығып, түйін ұлпасындағы сезімтал жүйке ұштарын тітір-
кендіреді. Түйіндегі сезімтал жүйке ұштары қанның əре кет шіл
ортасының ауытқуларына өте сезімтал келеді.
Қан құрамында оттегінің мөлшері жоғарылап, сутектік көр-
сеткіш сілтілік жаққа ығысса, рефлекс ретінде жүрек жұмысы
баяулап, қан қысымы төмендейді. Қанда көмір қышқыл газының
мөлшері артып, сутектік көрсеткіш қышқылдық жақа ығысса,
жүрек жұмысы жиілеп, қан қысымы жоғарылайды.
Достарыңызбен бөлісу: |