Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет85/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

46-сурет. Гейманс тəжірибесінің сызбасы: 

I - 


бірінші иттің оқшауланған күре тамыр аймағы 

(2), II - екінші иттің қан айналым жүйесімен бай-

ланыстыратын түтікшелер (1); 3 - сан артериясына 

қойылып, Марей капсуласымен жалғастырылған 

канюля (4); 5 - II иттің қан қысымының ауыт-

қуларын бейнелейтін қисық сызық (нұсқама – қан 

қысымын көтеретін тітіркендіргіш əсер еткен 

мезгіл); в - I итте қан қысымының төмендегенін 

бейнелейтін сызық



111

Қолқа түйініндегі рецепторлардың 

жұмысы да дəл осы принцип пен атқа-

рылады.  Демек,  бароре цептор лар  дың 

тітіркенуінен туындаған рефлекстер 

қан қысымының тұрақтылығын, ал хе-

морецепторлардың тітіркенуінен туын-

даған рефлекстер - қанның газдық 

құ  рамының тұрақтылығын сақтауға ба-

ғытталған.

Қан қысымы рефлекс ретінде өкпе, көкбауыр, ішек та мыр-

ларындағы сезімтал жүйке ұштары тітіркенгенде де өзгереді. Өк пе 

тамырларында рефлекстік аймақ болатынын алғаш рет А. Тальян-

цев (1883, 1892 ж.) дəлелдеген. Ол арнаулы тəжірибелерде кезе-

ген жүйкенің өкпеге баратын тармағын тітіркендіргенде қолқада 

қан қысымы төмендейтінін байқаған. Кейінірек көкбауыр, бүй-

рек, бүйрек үсті безі, сүйек кемігі тамырларында хеморецептор-

лардың болатыны анықталды (академик В. Н. Черниговский). 

Осы хеморецепторлар тітіркенгенде қан қысымы жоғарылайды.

Қан тамырларында баро- жəне хеморецепторлармен қатар 

тамыр қабырғасының етті қабатының тонусының өзгерістерін 

қабылдайтын жүйке ұштары – толым рецепторлары (волюм-



рецепторлар) да болады. Олардың арқасында қан тамырла-

ры жүйке орталықтарына тек тамырдағы қысым жайында ғана 

мағлұмат жіберіп қоймай, өз қабырғасының бірыңғай сала-

лы еттерінің күйін де хабарлап отырады. Толым рецепторлары 

магистральдық тамырлармен қанның дұрыс тарауында маңызды 

рөл атқарады. Зерттеулерге қарағанда барорецепторлар тамырдың 

ет талшықтары аз жерлерінде, ал толым рецепторлар – тамыр 

қабығының ортаңғы қабатында орналасқан.

Осындай орталыққа тепкіш (афференттік) бөлігі жүрек пен 

қан тамырларынан басталып, орталықтан тепкіш (эфференттік) 

бөлігі сол органдарда аяқталатын доға арқылы атқарылатын 

рефлекстерді қан айналым жүйесінің меншікті рефлекстері деп 

атайды. Бұл рефлекстер қан айналым жүйесі органдары қыз 

-

метінің өздігінен реттелуін, олардың өзара үйлесімін, қан қы-



сымының бір деңгейде сақталуын қамтамасыз етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет