Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Іштөлдің қан айналым ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет93/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   542
5.19. Іштөлдің қан айналым ерекшеліктері

Іштөлдің қан айналымында бірнеше ерекшелік болады. Оның 

кіші қан айналым шеңбері қанды өкпеге аз ғана мөлшерде өткіз-

генімен, газ алмасу процесіне қатыспайды. Ұрық оттегіні кін дік 

тамыр арқылы ене денесінен - серіктен (плацентадан) алады. 

Кіндік ұрық денесіне өткеннен кейін екі тамырға бөлінеді. Оның 

бір тармағы төменгі қуыс венамен тікелей жалғасады, ал екін   шісі 

– өменгі қуыс венамен бауыр арқылы қосылады. Қуыс вена  лар-

мен оң жүрекшеге құйылған қанның бір бөлігі жүрекше аралық 

те сік арқылы сол жүрекшеге өтеді. Ал жүрекшелер жиырыл  ғанда 

қан қарыншаларға, одан əрі қан айналым шеңберлеріне бағыт-

тала ды.


Кіші шеңберге өкпе артериясымен бағытталған қанның бір 

бөлігі өкпеге барады да, негізгі бөлігі артериялық өзек арқы-

лы үлкен шеңберге қосылады. Осының нəтижесінде қанның 

көбі қолқа арқылы үлкен шеңберге – іштөл денесіне таралады 



(49-сурет).

Алдымен қан жүрек артерияларымен жүректің өзіне, содан 

кейін қолқа доғасынан шығатын артериялар арқылы ұрықтың бас 

жəне дене бөлігіне тарайды. Ал қолқаның төмендеу бөлігінен та-

райтын артериялармен қан іштөл денесінің артқы бөлігіне жайы-

лады. Ұрық денесінен жиналған вена қаны кіндік артериялары 

арқылы кіндік бауының құрамында серікке бағытталады. Серікте 

қан оттегімен қанығып, қоректік заттар сіңіреді де, кіндік венасы 

арқылы қайтадан іштөлге оралады.

Төл туғаннан кейін кіндік бауының үзілуіне байланысты кіші 




119

қан айналым шеңбері іске қосылып, өкпе жұмыс істей бастайды. 

Осының нəтижесінде кіндіктің венасы мен артериясы, артериялық 

өзек істен шығады да, олардан қан жүрмей, бұл құрылымдар 

біртіндеп сіңір байламдарға айналады. Мысалы, кіндік венасынан 

- бауырдың жұмыр байламы, артериялық өзектен – артериялық 

байлам, кіндік артериясынан - кіндік байламы пайда болады. Екі 

жүрекше аралығындағы саңлау бітеледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет