120
Тараудың қысқаша сөздігі
Бірсыдырғы ағыс – ламинарное течение
Жалпы тыным –
общая пауза
Жармалы қақпақша – створчатые клапаны
Жарты айшық қақпақша – полулунные клапаны
Жүрек лүпілі – тахикардия
Жүрек шектеуі – блокада сердца
Жүрекше – предсердия
Иірімді ағыс –
турбулентное течение
Күре тамыр – сонная артерия
Күре тамыр түйіні – каротидное тельце
Қақпақша – клапан
Қанқозғалым - гемодинамика
Қарынша – желудочек
Қолқа – аорта
Нəрлендіргіш жүйке – трофический нерв
Ойыс - инцизура
Ойыс вена –
яремная вена
Саркоплазмалық тор – саркоплазматический ретикулум
Теңгерме тыным – компенсаторная пауза
Толым рецепторлар - волюмецепторы
Төте тамыр - шунты
Тіркес өр – дикротический зубец
Ұштасқан рефлекстер –
сопряженные рефлексы
Үйексіздену – деполяризация
Үйектену – поляризация
Үлпершек – перикард
Шектеу – блокада
121
6-т а р а у
ЛИМФА ЖƏНЕ ЛИМФА АЙНАЛЫМЫ
6.1. Ұлпа сұйықтығы жəне оның маңызы
Денедегі қан, лимфа жəне ұлпа сұйықтығы организмнің ішкі
ортасын құрайды. Ұлпа сұйықтығы əрбір жеке торшаларды шая
отырып, оларды қоректендіруде, зат алмасу процесін қамтамасыз
етуде зор рөл атқарады.
Дененің бірлі-жарым ағзаларының ғана торшалары (бауыр,
өкпе) қан капиллярларымен тікелей жанасады. Көпшілік ағзалар
мен ұлпаларда капиллярлар мен торшалар аралығында дəнекер
ұлпалар талшығымен, белокты біртекті заттармен, ерекше торша
аралық сұйықпен толған қуыс орналасады.
Ұлпа сұйықтығы мен қан арасында алмасу процестері үздіксіз
жүріп отырады. Оған қан мен ұлпалық сұйықтың осмостық
қысымдарының айырмасы, капиллярлардағы гидростатикалық
қысым деңгейі əсер етеді. Қанның онкостық қысымы сынап
бағанасымен 25-30 мм, ұлпаларда ол 2 мм-ге тең, сондықтан су
ұлпалардан қан тамырлары арнасына еркін өте алады. Онкостық
қысымға капиллярлардағы гидростатикалық қысым қарсы əсер
етеді. Капиллярлардың артериялық бөлігінде оның деңгейі сынап
бағанасымен 25-35 мм жетеді, ұлпа аралық кеңістікте ол с.б. 1 мм
шамасында сақталады, сондықтан су тамырлардың бұл бөлігінен
торша аралық саңлауға өтеді. Ал капиллярлардың веналық
ұштарында гидростатикалық қысым осмостық қысымнан төмен
болғандықтан, су ұлпадан қанға өтеді. Демек, ұлпа мен қан арасын-
да үздіксіз су алмасу процесі жүріп тұрады. Ұлпалық сұйықтың
құрамы тұрақсыз, ол органның əрекетінің белсенділігіне қарай
өзгеріп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: