құбылмалы жағдайларында тіршілік етуге бейімделген. Оның
тұрақтылығын сақтай алады. Ішкі орта тұрақтылығын (гомеостаз-
жүйкелі – гуморальды тетіктер қалыптастырады. Сондықтан
122
го
меостаз жəне негізгі физиологиялық
функциялардың тұрақ-
тылығы сау организмге тəн қасиет.
Организмнің ішкі ортасын сыртқы əсерлерден тері, тыныс
органдары, ас қорыту жолы, бауыр, т.с.с. мүшелер тосқауыл дары
(барьерлер) қорғап тұрады. Сонымен қатар, организмде торша-
лар мен ұлпаларды қаннан бөліп тұратын ішкі тосқауылдар да бо-
лады.
Л. С. Штерн зерттеулеріне сəйкес жоғары сатыдағы жануар-
лардың əрбір органының өзіне ғана тəн ішкі ортасы болады. Оны
сол органның өзінде орналасқан тетіктер қамтамасыз етеді. Бұл
тетіктер, біріншіден, қанға кездейсоқ түскен зиянды заттардың
ұлпа аралық сұйықтыққа өтуіне кедергі жасаса, екіншіден, қаннан
органның ішкі ортасына қажетті заттардың белгілі мөлшерде
жəне ағзаның функционалдық күйіне сəйкес арақатынаста өтуін
реттеп отырады. Бұл тетіктерді Л. С. Штерн “Ұлпалық тосқауыл”
деп атады.
Ұлпалық тосқауыл күрделі де маңызды қызмет атқарады: жеке
органдар торшалары мен ұлпаларын қан құрамындағы заттар-
дан қорғап, оларға қажет ішкі ортаның құрамын реттейді. Оның
қызметі бұзылса, ағзаларға əртүрлі зиянды заттар өтіп, оларда
аурулар өршиді. Демек, ұлпалық тосқауылдың өтімділігі мен
тұрақтылығы кез келген органның патогендік əсерге бейімдігінің
немесе қарсы тұру қабілетінің негізінде жатады.
Аталық мал жыныс торшалары мен жүйке жүйесін қорғайтын
тосқауылдардың талғамдылығы мен беріктігі өте жоғары. Мыса-
лы, таңбаланған риванол ерітіндісін қанға еккенде бауыр, бүйрек,
көкбауыр торшаларының ядролары сəулеленіп, ми мен ен торша-
лары əсерге берілмеген. Демек, ең маңызды органдар ұлпалық
тосқауылмен мықтырақ қорғалған.
Организмде ми-жұлын сұйықтығының химиялық құрамы мен
физикалық-химиялық қасиеттерін реттейтін ми тосқауылының
маңызы зор. Аталған сұйықтық орталық жүйке жүйесінің қоректік
ортасы болып табылады. Зерттеулер жұлын сұйығы құрамы мен
қасиеттері жағынан қан плазмасынан əлдеқайда өзгеше болаты-
нын көрсетті. Қан құрамында кездесетін ферменттер мен антиде-
нелер жұлын сұйығында байқалмайды. Жұлын сұйығына құрамы
мен қасиеттері жағынан тек жүйке элементтерімен тікелей жана-
сатын көз шылауығы мен ішкі құлақтың эндолимфасы ғана ұқсас
келеді.
Ұлпалық тосқауылдың морфологиялық негізін капилляр-
лар эндотелийі құрайды. Капиллярлар қабырғасы эндотелийіне
сұ рыптау (селективтік) қасиет тəн. Бұл тұрғыда іштөл мен ене
123
организмінің арасындағы алмасу процестерін реттеп отыратын
серік тосқауылының құпиялары көңіл аударады. Серік тосқауылы
ұрықтың ішкі ортасын ене организмінен бөле отырып, заттардың
ене қанынан іштөл организміне өтуін ғана реттеп қоймай,
олардың ұрықтан ене қанына кері өтуін де қадағалайды. Бұл
тосқауыл іштөлдің дұрыс дамуына қажетті жағдайлар туғызып,
ене организмін іштөлде түзілетін алмасу өнімдері əсерінен
қорғайды.
Ұлпалық тосқауылдың өтімділігін реттеуде кальций иондары
маңызды рөл атқарады. Йодты қосылыстармен немесе дифтерия
токсинімен уланғанда қанға кальций тұздарын ексе, тамырлардан
сұйықтардың өтуі төмендеп, ісік азаяды. Оның себебі капилляр-
лар эндотелийінің торшалары бір-бірімен торша аралық ерекше
аморфты зат – “эндотелий цементі” арқылы бірігеді. Кальций ион-
дары осы “эндотелий цементінің” физикалық күйі мен беріктігіне
əсер етіп, тамыр қабырғасының өткізгіштігін өзгертеді. Бұл “це-
мент” тамыр эндотелийінің өзінде түзіледі. Оның кальцийлі тұзы
тұрақтылығымен жəне нашар еритіндігімен ерекшеленеді. Демек,
тамыр эндотелийі торша аралық цементтеуші заттарды үздіксіз
бөле отырып, капиллярлар қабырғасының өтімділігін қалыпты
жағдайда ұстайды.
Достарыңызбен бөлісу: