Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Көк бауырдағы қан айналымы



Pdf көрінісі
бет92/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

Көк бауырдағы қан айналымы. Көк бауырда артериялар 

капиллярларға тарамдалмайды, тамыр ұшы кеңейе келіп тұйық-

тала бітеді. Осы тұйық “қапшықтың” қабырғасындағы тесіктер 

арқылы қан тікелей көкбауырдың жұмсақ ұлпасына құйылады. 

Одан əрі қан тағы да қабырғасында тесіктері бар вена синусына 

өтеді де, вена тамырларына қарай ағады. Құрылысының осын-

дай ерекшеліктерімен байланысты көк бауыр қанды губка тəрізді 

сіңіріп, оның жалпы мөлшерінің 16 пайызын сыйдыра алады.



Мидағы қан айналымы. Миға қан виллизий шеңбері ар-

қылы мидың жұмсақ қабығының алдыңғы, ортаңғы жəне артқы 

артерияларымен келеді. Ал виллизий шеңбері күре тамыр мен 

омыртқа артериясының ми сауытына кірісімен өзара қосылып, 

ерекше өрімделуі нəтижесінде пайда болады. Ми артериясы 

тармақтарының арасында көптеген анастомоздар болады да, қан 

бір артерия бассейінен екінші артерия бассейіне оңай ығысып

ми ұлпаларын қоректік заттармен жылдамырақ қамтамасыз етуге 

мүмкіндік алады.

Миды қанмен жабдықтайтын күре тамыр мен омыртқа арте-

риясы көптеген иіндер мен иректер түзеді. Ми артерияларының 

қабығы серпімді ұлпаларға бай, сондықтан ми тамырлары 

тербелмейді, пульс миға жеткенше өшіп үлгереді. Мидың бас 



118

сүйек қорабында тұмшаланып жабылуы да тамырлардың соғуына 

мүмкіндік бермейді. Ми капиллярлары үнемі ашық жағдайда 

болады, сондықтан ми арқылы өтетін қан мөлшері өзгермейді. 

Мидан кері ағатын вена қаны мидың қатты қабығындағы вена 

қойнауына құяды.

Ми торшалары оттегі мен қоректік заттардың тапшылығына 

өте сезімтал, сондықтан бұл заттар тұрақты мөлшерде жеткізіліп 

отырады. Э. А. Астратян деректеріне сəйкес миға қан 3 минут кел-

мей қалса, торшалар құрылысында өзгерістер пайда болып, 5-6 

минуттан кейін олар өле бастайды. Ми торшалары оттегіні оның 

қандағы үлес қысымы күрт төмендегеннің өзінде сіңіре алады.

Мидағы қан айналымы жүйкемен жəне гуморальды жол-

мен реттеледі. Вегетативтік жүйкелер ми тамырларына өзіндік 

ерекшеліктермен əсер етеді. Симпатикалық жүйкелерді тітір кен-

діргенде тамыр тек аз ғана уақытқа тарылады да, соңынан тез 

кеңиді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет