Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Ауыз қуысындағы ас қорыту



Pdf көрінісі
бет135/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

8.4. Ауыз қуысындағы ас қорыту

Малдың ас қорыту жүйесінің алғашқы бөлімі - ауыз қуысы. 

Мұнда қабылданған азық механикалық жəне химиялық өңдеуден 

өтеді.


Ауыз қуысы сүйекті тұлға сүйеніші мен арнаулы органдар-

дан тұрады. Бұл органдарға ерін, ұрт, тіс, қызыл иек, тіл, таңдай, 

тілшік, ауыз қуысына шығару өзектері ашылатын үш жұп сілекей 

бездері жəне көмекей бездері жатады.



Ауыз қуысының тұлға сүйеніші жоғарғы жəне төменгі жақ 

сүйектерінен, олардың байлам сіңірлері мен еттерінен тұрады. 

Жақ сүйектерінің арасында ауыз қуысы орналасады да, оның 

бүйір беттері ұртпен шектеліп, алдыңғы жағында үстіңгі жəне 

астыңғы ерінмен бітеді. Ерін аралығында ауыз қақпасы, ал 

көмекей мен тілшік аралығында жұтқыншақ орналасады. Ішкі 

жағынан ауыз қуысы көп қабатты жалпақ эпителийден құралған 

сілекейлі қабықпен астарланады. Осы сілекейлі қабықта көптеген 

шырышты жəне сілекей бездері болады. Олар өздерінің орналасу 

орнына қарай ерін, ұрт, тіл, тілшік бездері деп аталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет