Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет131/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

1. Торшалық ас қорыту. Ол түрлі тығыз немесе сұйық зат-

тарды торша ішіне сіңіріп, оларды цитоплазма ферменттерінің 

əсерімен ыдырату процестеріне негізделген. Демек, фагоцитоз 

(тығыз заттарды сіңіру) жəне пиноцитоз (сұйық тамшыларды 

сіңіру) құбылыстары осы торшалық ас қорытудың көрінісі. Ас 

қорытудың бұл түрі бір торшалы қарапайым организмге тəн.



2. Торшадан тыс ас қорыту. Көптеген қоректік заттар моле-

куласының мөлшері торшалар мөлшерінен əлдеқайда үлкен 

келеді. Сондықтан оларды ыдырату процестері маманданған тор-

шалардан тыс, олардың сыртында жүреді. Ас қорытудың бұл түрі 

қуыстық жəне мембраналық болып екіге жіктеледі.

Қуыстық ас қорыту қарын мен ішектің қуысына бөлінген 

сөлдердің құрамындағы ферменттердің əрекетімен атқарылады.



Мембраналық ас қорыту торшалардың сыртқы бетінде, олар-

дың қабығына (мембранасына) тұтылған немесе сол мембра-




159

наның құрамына енген ферменттердің əсерімен жүреді. Аталған 

ферменттер тек қана торша бетімен жанасқан қоректік заттарға 

ғана əсер етеді, сондықтан ас қорытудың бұл түрін жанаспалы, 



беткейлік ас қорыту деп те атайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет