Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Сілекей бөлу. Сілекейдің құрамы мен маңызы



Pdf көрінісі
бет138/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   542
Сілекей бөлу. Сілекейдің құрамы мен маңызы. Сілекей не-

гізінен үш жұп сілекей бездерінің - шықшыт, бұғақ жəне ал қым 

бездері, секреті (72-сурет). Аталған бездермен қатар ауыз қуы-

сында көптеген майда бездер - тіл, таңдай бездері, орналасады.

Сілекей бездеріне альвеолалық немесе түтікше-альвеолалық 

құрылым тəн. Олар сірнелі жəне шырышты торшалардан 

түзілген. Осы торшалардың арақатынасына байланысты сілекей 

бездері сірнелі (серозалы), шырышты жəне аралас бездер болып 

бөлінеді.

72-сурет. Сілекей бездері: 

А - ірі 


қара; Ə - қой; Б - шошқа; В - жылқы; 

1 - шықшыт безі жəне оның шығару 

өзегі (2); 3 - алқым безі жəне оның өзегі 

(4); 5 - үлкен бұғақ безі мен оның өзегі 

(6); 7 - кіші бұғақ безі; 8 - үстіңгі ұрт 

безі; 9 - аралық ұрт безі; 10 - үстіңгі 

ерін бездері; 11 - төменгі ерін бездері; 

12 - ойыс вена; 13 - шықшыт асты лим-

фа түйіні; 14 - алқымдық лимфа түйіні

Шырышты бездерге таңдай, ұрт, тіл түбі бездері, сірнелі 

бездерге шықшыт бездері мен тілдің бүйір бетіндегі бездер, ал 

аралас бездерге – бұғақ, алқым бездері мен ерін бездері жатады. 

Шырышты бездер тұтқыр, муцинге бай сілекей, сірнелі бездер - 

сұйық, электролиттерге бай, құрамында белок пен ферменттері 

бар сілекей бөледі.

Сілекей бездерінің қызметі мен сілекей құрамын И. П. Пав-

ловтың зертханасында Д. Л. Глинский ұсынған сілекей безі нің 

өзегіне көбек қою əдісімен зерттейді (73-сурет). Бұл опера-

цияны орындау үшін итке наркоз беріп, оның аузын ашады да, 

сілекей өзегі ашылған жерді айналдыра сілекейлі қабықты тіледі. 

Сілекейлі қабық пен өзекті біршама жерге дейін жабыса жатқан 

ұлпалардан ажыратып, ұртты теседі де, сыртқа шығарып, теріге 




171

бекіте тігеді. Операциядан кей-

ін сілекей ауыз қуысына емес, 

сыртқа бөлінеді. 

Бұл тəсілді малға дəл осы 

күйінде қолдануға болмайды, 

өйткені оларға сілекей бөлу 

ерекшеліктері тəн. Ірі қара мен 

жылқылардың сілекей өзегіне 

көбек қою үшін теріні сырт 

жағынан тіліп, өзекке Т - тəрізді 

түтікше бекітеді. Тəжірибеден 

тыс кезде сілекей ауыз қуысына 

бөлінеді де, тəжірибе кезінде 

оны түтікше арқылы жинап 

отырады.


Сілекей түссіз, иіссіз, оңай көпіретін, əлсіз сілтілік реакциялы, 

тығыздығы 1,002-1,012-ге тең тұтқыр сұйық. Оның құрамында 

99-99,4 пайыз су жəне 0,6-1,0 пайыз құрғақ зат болады. 

Сілекейдің сусыз бөлігінің құрамында түрлі органикалық 

заттар - белоктар, муцин, ферменттер жəне бейорганикалық зат-

тар болады. Сілекейде натрий, калий, хлор, кальций, фосфор, 

т.б. элементтер белгілі бір тұрақты мөлшерде кездеседі. Сілекей 

құрамына кейбір зат алмасу өнімдері - көмір қышқылы, несепнəр, 

аммиак, т.б. кіреді. Амилаза (птиалин) жəне глюкозидаза (маль-

таза) ферментерінің болуына байланысты сілекей көмірсуларды 

ыдырату процесіне қатысады. Амилаза крахмалды мальтозаға, 



ал мальтаза оны глюкозаға ыдыратады.

Сілекей организмде маңызды рөл атқарады. Ол ауызға түс-

кен азықты ылғалдап, оны шайнауды оңайлатады, азықтың 

дə мін анықтауға мүмкіндік береді, сілекей құрамындағы му-

цин шайналған азық ұнтағын жабыстырып, оны жентектейді, 

жұту процесін жеңілдетеді. Сілекей денедегі су мен тұздардың 

алмасуы на қатысып, қышқыл-сілтілік тепе-теңдікті сақтауға мүм-

кіндік береді, қарындағы қышқылдарды бейтараптайды. Кейбір 

хайуандарда (иттерде) сілекей дене қызуын реттеуге қатысады. 

Құрамында бактерия денелерінің қабығын ерітетін лизоцим 

ферментінің болуына байланысты оның бактерицидтік қасиеті де 

болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет