173
Торшалардың секрециялау қызметі организмнің функционал-
дық жағдайына қарай өзгеріп отырады. Ашығу кезінде без дер-
дің сілекей түзу қызметі тоқтап қалады. Əрбір торша секреті нің
физикалық жəне химиялық қасиеттері өзгеріп тұрады. Азық-
тандыру аралығында сілекей түзу тоқтап, малды азық
тан
дыр-
ғанда ол күшейеді. Сілекейдің сапасы азықтың сипатына қарай
өзгереді. Құрғақ, ұнтақталған азыққа сілекей көп, ал балғын
азыққа – аз бөлінеді. Сілекей бездерінің қызметі азықтың құрамы
мен сапасына бейімделе өзгереді. Мысалы, итті ұзақ уақыт крах-
малды азықпен тамақтандырса, оның сілекейінде көмірсуларды
ыдырататын ферменттер пайда болады. Азық сипаты мен сілекей
сапасының арасындағы мұндай сəйкестік рефлекспен жəне гумо-
ральды реттеу тетіктерінің əсерімен қалыптасады. Рефлекстік ме-
ханизм сілекей бездері қызметін шапшаң өзгертсе, гуморальдық
механизм без əрекетінің баяу бейімделе өзгеруін қамтамасыз
етеді.
Сілекей бөлу процесі торшалардан шыққан секреттер без-
дердің түтікшелері мен альвеолаларына жинақталғаннан кейін
ғана басталады да, безді ұлпаның миоэпителийлік торшалары
мен шығару өзектерінің бірыңғай салалы еттерінің қатысуымен
жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: