дымқылдығын анықтауға мүмкіндік береді. Хеморецепторлар
арқылы мал азықтың дəмін анықтайды.
бөлу орталығына беріледі. Ерін мен ұрттың сілекейлі қабығынан
174
орталыққа тепкіш талшықтары арқылы бағытталады. Сопақша
мидан қозу толқыны екі бағытта: таламустың, гипоталамустың
жəне үлкен ми жарты шарларының тиісті құрылымдарына жəне
сілекей бездеріне тарайды.
Орталық сілекей бездеріне симпатикалық жəне парасим пати-
калық жүйке талшықтары арқылы ықпал етеді. Симпатикалық
жүйке талшықтары жұлынның ІІ-VІ кеуде омыртқалары сег мент-
терінен басталып, мойынның алдыңғы симпатикалық түйінінде
тоғысады да, одан басталған түйіннен соңғы (постган
глийлік)
талшықтар сілекей бездерінде аяқталады. Сілекей бездеріне ба-
ратын парасимпатикалық жүйкелер тіл-жұтқыншақ жəне беттік
жүйкелердің құрамына кіреді. Шықшыт безі тіл-жұтқыншақ
жүйкесі мен үшкіл жүйкенің құлақ-шықшыттық тармақтарымен,
ал бұғақ жəне алқым бездері - беттік жүйкенің дабыл шегі атты
тармағымен жүйкеленеді.
Парасимпатикалық жүйке қозғанда сілекей безінің қан та-
мырлары кеңейіп, торшалар қабығының өтімділігі жоғарылайды
да, құрамында органикалық жəне бейорганикалық заттары аз
сілекей көп мөлшерде бөлінеді. Симпатикалық жүйке қозғанда
органикалық жəне бейорганикалық заттарға бай сілекей аз
мөлшерде бөлінеді.
Сілекей тек азық қабылдағанда ғана емес, азықтандыру
процесімен қабаттаса жүретін түрлі шартты белгілердің əсерінен
де бөлінеді (мысалы, азықты көру, оның иісін сезу, т.б.). Бұл шарт-
ты белгілер үлкен ми жарты шарларында орналасқан орталық
арқылы əсер етеді. Демек, сілекей бөлу шартты рефлекс түрінде
де атқарылады, сондықтан оны күрделі рефлекстік процесс деп
атайды.
Сілекей бездерінің қызметі гуморальдық жолмен де реттеледі,
бірақ бұл механизмнің рөлі онша зор емес. Парасимпатикалық
жүйке əсерімен бездерден ұлпалық гормон – калликреин бөлінеді.
Ол қан тамырларын кеңейтіп, торша мембранасының өтімділігін
жоғарылатады.
Достарыңызбен бөлісу: