Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Қоян қарнындағы ас қорыту



Pdf көрінісі
бет158/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

8.5.4. Қоян қарнындағы ас қорыту

Қоянның қарны бір бөлімнен тұрады, өңеш-ішек типтес. Кең 

күмбезі мен созылыңқы пилорус аймағының болуымен байланыс-

ты оның пішіні таға тəріздес келеді (89-сурет). Қарынның безсіз 

жəне  кардиалық бөліктерінің аумағы мардымсыз. Қарынның 

кілегейлі қабығының көп бөлігін қарын түбі алады да, оның 

жоғарғы жағы қарын құрышына айналады. Қарын құрышының 

кілегейлі қабығында тек негізгі торшалар ғана болады, тұз 

қышқылы түзілмейді, рН 6,2-6,4 деңгейінде сақталады. Қарын-

ның пилорустық аймағы түптік аймақтан үш есе кем, олардың 

ара сын орақ тəрізді қатпар бөліп тұрады. Қоян қарнының 

сыйымды лығы бүйеннен əлдеқайда кем (тиісінше олар 130-160 

жəне 200-230 мл). 

Қоян - өсімдікпен қоректенетін жану-

ар. Клетчатка бүйенде микроорганизм-

дер дің əрекетімен ғана ыдырайды, бірақ 

оның ыдырау өнімдері организмге сіңіп 

үл гермейді. Шала қорытылған клетчатка 

бүйеннен жұмсақтау, ақшыл, ірі құмалақ 

түрінде кəдімгі нəжіс құмалақтарымен 

бірге бөлінеді. Осы клетчаткалы құма-

лақты қоян жерге түсірмей, тікелей артқы 

тесігінен қайта жұтып отырады. Қайта 

жұтылған құмалақ қабылданған азықпен 

араласпай, қарын құрышында жинала-

ды. Бұл құмалақтардың микроорганизм-

дерден құралған ерекше қабығы болады. 

Сол микробтар бөлген ферменттердің 



89-сурет. Қоян қарны-

ның құрылымдық ерек-

шеліктері жəне онда 

азықтың орналасу тəр-

тібі: 

1 - өңеш; 2  -  қоян қа был- 



даған құмалақтар; 3 - қарын 

қалтарысы (привратник); 

4 - ішек

 

13–888




194

əсерімен құмалақ бірнеше сағаттың ішінде микробиологиялық 

өңдеуден өтіп, ашу процесіне ұшырайды. Бірте-бірте олар 

қарын сөліне бөгіп, микроорганизмдер тіршілігі тоқтайды да, 

микробиологиялық ашу процесі кезінде босаған ұшпалы май 

қышқылдары мен сүт қышқылын организм сіңіріп алады. 

Қояндарда қарын сөлі толассыз бөлінеді, себебі қарын еш 

уақыт бос болмайды. Тəулігіне 75-150 мл мөлшерде сөл бөлінеді. 

Қарын түбінің бездерінен бөлінген сөлдің сутектік көрсеткіші 

0,7-1,2-ге тең, оның құрамында пепсиноген мен 0,2-0,35 пайыз тұз 

қышқылы болады. Қарынның аралас сөлінің сутектік көрсеткіші 

2,2-2,5 шамасында сақталады.

 Қалыпты азықтандыру жағдайында 4-6 сағат ішінде азық 

қарында қорытылып, ішекке өтеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет