8.5.2. Жылқы қарнындағы ас қорыту
Жылқы қарны бір бөлімнен тұрса да, оның өзіне ғана тəн
құрылымдық ерекшеліктері болады, сондықтан қарын қызметінде
біршама өзгешеліктер байқалады. Өңештің қарынмен жалғасқан
жерінде безсіз кілегейлі қабықпен қапталған күмбез тəріздес қа-
рын құрышы болады. Ол қарынның безді фундальдық жəне пило-
рус аймақтарынан жіңішке ғана кардиалық белдеумен бөлі неді
(83-сурет). Қарынның жалпы сыйымдылығы 10-15 л шамасында.
Қарын құрышы азықтың қоймасы (резервуары) рөлін ат қа рады.
Сонымен қатар бұл жерде бактериялық
ашу про
цесі жүреді. Қарынның осы
безсіз бө лігі едəуір аумақ алып, кейде
оның 1/3 бөлігін қамтиды.
Қарынның кілегейлі қабығындағы
аймақтардың пішіні, көлемі рацион
құрамына қарай бейімделе өзгереді.
Таза шөп, жемге көшкенге дейін бар-
лық жылқы тұқымының қарындары
пішіні жəне кілегейлі қабығының құры-
лысы жағынан өте ұқсас келеді. Ал
өсімдік тектес азыққа көшкеннен кей-
ін қарын құрылысында айтарлықтай
өзге рістер пайда болып, оның кілегейлі
Достарыңызбен бөлісу: |