Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет156/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

84-сурет. Тоңазытылып, қатырылған жылқы 

қарнының көлденең қиын 

дысы. Қабылданған 

азықтың белгілі ретпен қатпарлану тəртібі: 

1 - пі-

шен; 2 - сұлы; 3 - боялған сұлы; 4 - пішен; 5 - өңеш;  6 

- қарын түбі; 7 - пилорус; (В. Элленбергер, А. Шейнерт 

деректері)



 85-сурет. Жылқы қарнының əртүрлі ай-

мақтарының қимыл ерекшеліктерін бей-

нелейтін схема: 

1 - қарын құрышының, 

2 - қа  рын түбінің, 3 - қарынның пилорус бө-

лі гі 


нің, 4-5 - ұлтабар ұшы қимылдарының 

гастрограммасы




191

көмірсулы азықтар жəне жақсы ұнтақталған ботқа тəріздес қа-

рын жыны ішекке тезірек өтеді. Ал азықтың жақсы ұнтақталуы 

ауыз қуысы органдарының, əсіресе тістің қызметіне байланысты. 

Осы тұрғыдан мал дəрігерлерінің тісті мезгіл-мезгіл тексеріп 

отырғаны жөн. Тіс ауруға шалдықса азықты шайнау процесі на-

шарлап, қабылданған жемшөп қажетті дəрежеде ұнтақталмайды 

да, қарында көбірек аялдап, малды түрлі дертке шалдықтырады.

Сұйықтар қарында көп аялдамай 2-4 минуттан кейін ішекке 

өте бастайды да, 15-42 минутта толық өтіп болады. Егер сұйық 

көп мөлшерде қабылданса, ол қарын құрышына дейін барады. 

Азықпен араласқан сұйық (мəселен, мал азық жеп тұрып су ішсе) 

қарынның үлкен иіні бойында жиналады да, сұйықтың аз ғана 

бөлігі жынның терең қабатына сіңеді. Жылқылар су ішкен кез-

де қарынның тонусы жоғарылап, кардиа мен пилорус тесіктері 

жақындайды да, су кіші иін бойымен ішекке өте бастайды. 

Сұйықтар басқа азыққа қарағанда ішекке үлкен-үлкен үлеспен 

тез өтеді.

Қарынның сөл бөлу қарқыны 

тəулік бойына өзгеріп отыра-

ды  (86-сурет). Ертеңгісін жəне 

кешке қарай, малдың азықты 

қа былдайтын уақыттарында, 

сөл бөлу күшейеді, түнге қарай 

нашарлай бастайды. Əрбір 

азықтандыру үстінде азықтың 

əсерінен сөл бөлу күшейеді. 

Азықтандыру аралығында 

қарын сөлі желін 

ген азықтың 

ыдырау өнімдерінің жүйкелі-

гуморальды əсерімен бө лінеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет