8.9. Тоқ ішектегі ас қорыту
Ащы ішекте өңделген химус біртіндеп тоқ ішекке өтеді. Тоқ
ішек бүйеннен, жиек ішектен (күйіс малында- қимадан, жыл қы-
да - қартадан), тік ішектен тұрады. Тоқ ішек ащы ішекке қараған-
да, əлдеқайда кеңірек келеді. Оның жалпы ұзындығы сиырда -
6-13 м, қойда 3,5-10 м, жылқыда 6-9 м, ал сыйымдылығы күйіс
малдарында ас қорыту жолының жалпы сыйымдылығының 11-15
пайызы, жылқы мен қоянда - 40-60 пайызы шамасында.
Тоқ ішектің кілегейлі қабығында бүрлер жоқ та, көптеген бо-
кал тəрізді торшалар болады. Ас қорыту жолының бұл бөлімінде
сөл аз ғана бөлінеді жəне оның құрамында көп мөлшерде шырыш
кездеседі. Сөлдің сутектік көрсеткіші - 7,6-9,0.
Тоқ ішекте ас қорыту жолының алдыңғы бөлімдерінде қо-
ры тылып үлгерілмеген қоректік заттар ыдырайды. Бұл про-
цесс ащы ішектен келіп түскен ферменттер мен мұндағы алуан
түрлі микроорганизмдердің (1 г химуста 15 млрд. бактерия бо-
Достарыңызбен бөлісу: |