толқынды болып бөлінеді. Ішек қимылдары жынның ас қорыту
қабаттарының жиырылуымен атқарылады. Алдымен ішектің екі
сас қимыл байқалады. Бойлама ет жиырылғанда ішек сегменті
саңсуымен атқарылады. Ішектің ұзына бойына əрбір 6-8 см
243
Бірнеше секундтан кейін бұл
жердің еттері бо саң сып, жиы-
рылу басқа жерде басталады.
Осыдан ішек мезгіл-мезгіл (1
минутта 20-30 рет) сегмент-
терге бөлініп, жын ұнтақтала
түседі.
Толқынды қимыл түрлі
еттердің үйлесімді жиырылу-
ымен атқарылады. Бұл қимыл
ішектің алдыңғы бөлігінің
сақиналық еттерінің жиыры-
луымен басталады. Осы кезде
ішектің артқы бөлігінің еттері
босаңсып, кеңиді де, жын со-
лай қарай сығылады. Одан
əрі сақиналық еттердің жиы-
рылуы ішек бойымен толқын
тəрізді таралып, жын тоқ ішекке қарай секундына 1-2 см жыл-
дамдықпен жылжиды. Бұл толқынды қимыл белгілі бір ырғақпен
қайталанып отырады.
Тоқ ішекте жоғарыда аталған қимылдармен қатар қарсы
тол қынды (антиперисталтикалық) қимылдар байқалады. Бұл
қо ректік заттардың толығырақ сіңуіне мүмкіндік туғызатын
құбылыс.
Ішек қабығының еттері əлсіз ширығу жағдайында болады.
Ішектегі жынның мөлшеріне қарай оның тонусы не жоғарылап,
не төмендеп отырады.
Ішек еттеріне автоматизм қасиеті тəн. Осымен байланыс-
ты, оқшауланған ішек қиындысы қолайлы жағдай туғызылса,
қи мылын жалғастыра береді. Ішек автоматизмі ауэрбах өрімінің
ганглиозды торшаларының қызметіне байланысты. Бұл торшалар
ішек қабырғасының сақиналық жəне бойлама еттерінің үйлесімді
жиырылуын реттейді.
Ішек қимылы рефлекстік жəне гуморальдық жолмен реттеледі.
Ішек қабырғасындағы ауэрбах жəне мейснер өрімдері ішектің
кілегейлі қабығына жынның механикалық əсерінен туындайтын
жергілікті реакцияларды реттейді. Ішек қимылына орталық жүйке
жүйесі симпатикалық (құрсақ) жəне парасимпатикалық (кезеген)
жүйкелер арқылы əсер етеді. Кезеген жүйкені тітіркендіргенде
ішек еттерінің тонусы жоғарылап, оның жиырылуы күшейеді, ал
симпатикалық жүйке, керісінше əсер етеді (101-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: