244
Парасимпатикалық жүйке ацетилхолиннің қатысуымен веге-
тативтік түйіндердің Н - холин сезімтал (холинреактивтік) құры-
лымдары мен бірыңғай салалы еттердің М – холин сезімтал құ-
рылымдарына əсер етеді. Симпатикалық жүйке норадреналин
арқылы адренергиялық нейрондар мен бірыңғай салалы еттердің
адренорецепторларына əсер етеді.
Ішек қимылдары əртүрлі эмоцияның (қатты мазасыздану,
қорқу, үрку), ауырсыну түйсігінің əсерінен де өзгереді. Қорқу
кезінде ішек қимылы күшейіп, малдың іші өтуі мүмкін.
Ішек қимылдары түрлі биологиялық белсенді заттардың
əсерімен гуморальдық жолмен де реттеледі. Оны окситоцин, га-
стрин, серотонин, гистамин, простагландиндер, холин, энтеро-
кринин күшейтеді, ал
адреналин, норадреналин баяулатады. Ішек
қимылдарын белоктардың ыдырау өнімдері, өт, сығынды заттар,
тұздардың ерітінділері, қышқылдар мен сілтілер де күшейтеді.
Достарыңызбен бөлісу: