Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет198/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

Сусау механизмі. Сусау - малдың су ішуге мұқтаждығынан 

туындайтын түйсіктер жиынтығы. Ол организмдегі су қорының 

азаюының немесе су мен хлорлы натрий тұзының қалыпты 

арақатынасының өзгеруінің нəтижесінде туындайды. Шөлдеген 

кезде сілекей бөлу шектеліп, ауыз құрғайды, диурез (зəр түзу) 

баяулайды. 

Егер денедегі су мөлшері салмақтың 100 кг шаққанда 3-5 лит-

рге дейін төмендесе, тер бөлу нашарлап, дене қызуы көтеріледі, 

жүректің соғуы мен тыныс жиілейді. Сусау (шөлдеу) түйсігі ги-

поталамус пен ірі қан тамырларының осморецепторлары мен 

ауыз қуысының механорецепторларының физиологиялық жағ-

дайының өзгеруіне байланысты туындайды. Су ішкеннен кейін 

қарын қабырғасының керілуінен туындаған импульстердің əсе-

рінен сусындау түйсігі пайда болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет