өте күрделі. Оның əрбір молекуласы бірнеше амин қышқылының
тізбегінен құралады. Жалпы табиғатта 25 амин қышқылы белгілі,
қышқылдарының болуы мүмкін емес. Осыған байланысты бірқатар
нəтижесінде синтезделеді. Мысалы, организмде фенилаланин-
267
Табиғатта кездесетін 25 амин қышқылының арасынан 10
амин қышқылы: триптофан, треонин, лизин, фенилаланин, ме-
тионин, лейцин, изолейцин, аргинин, гистидин, валин организмде
синтезделмейді, оларды алмастырылмайтын амин қышқылдары
деп атайды. Аталған қышқылдармен қатар бұл топқа құстар үшін
глицин мен глутамин қышқылдары да қосылады. Аргинин, гисти-
дин, цистеин жəне тирозин қышқылдарын жартылай алмасты-
рылатын амин қышқылдары деп атайды.
Рацион құрамында алмастырылмайтын амин қышқылдары
жетіспесе, организмде белок түзу процесі бұзылып, теріс азоттық
баланс байқалады, малдың өсуі баяулап, ол салмағын жоғалтады.
Белгілі бір алмастырылмайтын амин қышқылы жетіспесе, онда
сол қышқылдың биологиялық маңызына байланысты ауытқулар
байқалады (26-кесте). Мысалы, триптофан қышқылы төл көтеру
процесі дұрыс жүру үшін қажет, сондықтан ол болмаған жағдайда
іштөл өспей, сорылып кетеді. Рационда валин болмаса жүйке
жүйесінің қызметі бұзылады, лизин болмаса, өсу тоқтайды, лей-
цин болмаса қан плазмасы мен ұлпалардағы белоктардың түзілуі
бұзылады.
Рацион құрамындағы тапшылығына байланысты организм-
дегі белок синтезі бұзылатын амин қышқылдарын шектеуші
амин қышқылдары деп атайды. Оларға
лизин, триптофан, ме-
тионин жатады.
Амин қышқылдық құрамына қарай белоктар құнарлы жəне
құнарсыз болып бөлінеді. Құрамында барлық алмастырылмай-
тын амин қышқылдары кездесетін белоктарды құнарлы деп атай-
ды. Егер белок құрамында бір ғана алмастырылмайтын амин
қышқылы болмаса, оны құнарсыз белок дейді. Мұндай бе
лок
организмнің мұқтаждығын толық қанағаттандырмайды. Құнар-
сыз белоктар тобына
желатин, легумин, гиадин, т.с.с. жатады.
Рационға құнарсыз белоктардың бірнеше түрін қосу арқылы мал
барлық алмастырылмайтын қышқылдарды алатындай жағдай
туғызуға болады.
Амин қышқылдық құрамына байланысты белоктың орга низм-
дегі синтездік процестерде пайдалану деңгейі өзгеріп оты рады.
Осыған байланысты азық белогының биологиялық құн дылығы
деген ұғым қалыптасқан. Құрамындағы амин қыш қыл дарының
арақатынасы организмдегі синтездік процес тердің қа лыпты дең-
гейін қамтамасыз ететін белокты биологиялық құнды белок деп
атайды.