254
103-сурет. Күйіс малына тəн азықты қабылдауды шектейтін жүйкелі-
гуморальды реттеу тетіктері
оның ішекке өту жылдамдығының баяулауының салдарынан қа-
былданатын азық мөлшері азаяды. Ал азықтың қорытылу коэф-
фициенті жоғарылап, оның ас қорыту жолынан өту жыл дамдығы
шапшаңдаса, онда желінген азық мөлшері артады. Ұнтақталған
азықтардың көп мөлшерде желінетін себептерінің бірі осы.
Азықты қабылдауды шектейтін метаболизмдік шарттардың
бірі -қарындағы ашу процесі нəтижесінде түзілетін ҰМҚ, əсіресе,
сірке жəне пропион қышқылдары. Олар əрі орталықтағы, əрі
шеткей рецепторларға əсер етеді. Күйіс қайыратын малды тою
түйсігін тудыруда басқа малдағы сияқты пептидтік гормондардың
да маңызы зор (103-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: