Белоктардың биологиялық маңызы. Белок - организм үшін
ең маңызды органикалық заттар тобына жатады. Ол əрбір тор-
тетігі болып саналады. Белоксыз тіршілік тоқтайды. Белоктар
органикалық заттардың ерекше тобын құрайды. Олар көмірсулар
ретінде пайдаланылады.
266
1. Торшалардағы əртүрлі химиялық реакцияларды жүргізетін
биокатализаторлар – ферменттер;
2. Торша ішіндегі белгілі процестерді реттеуге қатысатын бе-
локтар – гормондар;
3. Қорғаушы белоктар;
4. Қоректік белоктар;
5. Уытты белоктар – токсиндер;
6. Зат тасымалдаушы белоктар;
7. Бұлшық еттің жиырылуын қамтамасыз ететін белоктар;
8. ДНК-ның қызметін реттейтін белоктар.
Белоктарға телімділік - өзіндік ерекшелік қасиет тəн. Əр тү-
лік тің, жеке малдың немесе оның жеке органдары мен ұлпала-
ры ның белоктары өздерінің қасиеттерімен ерекшеленеді. Осы ған
байланысты белоктарға түліктік, дарақтық, органдық, ұлпа лық
ерекшеліктер тəн. Міне, осы себепті бір түлік мал қанын екін ші
түлік малына құюға болмайды немесе бір организмнен басқа ор-
ганизмге органдарды аударып отырғызу сəтсіздікпен аяқталады.
Белоктардың органдық, ұлпалық ерекшеліктері олардың
құрамына енетін белоктардың сипатына байланысты. Мыса-
лы, ет торшаларының құрамында басқа торшада кездеспейтін
актин жəне миозин белоктары, дəнекер ұлпада - коллаген, қан
құрамында - альбумин, глобулин, фибриноген, сүтте - казеин бе-
логы, т. б. кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: