Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Зат алмасуды зерттеу əдістері



Pdf көрінісі
бет203/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

9.2. Зат алмасуды зерттеу əдістері

Зат алмасу процесін зерттеу мақсатында ағзаларды оқшаулау, 



тамыр көбектеу (ангиостомия), биопсия сияқты жалпы физио-

ло гиялық əдістермен қатар, əртүрлі арнаулы тəсілдер де қолда-

нылады (105-сурет).

105-сурет. Бауыр қызметін зерттеу əдіс-

тері: 


А – ангиостомия тəсілі; (1-қақ палық 

вена, 2 - бауыр артериясы, 3 - бауыр венасы

4 - артқы қуыс вена, 5 - тамырларға бекітілетін 

көбектер); Ə – бауырды оқшаулаудың Экка-

Пав лов ұсынған жолы: 1 - құрсақ венасының 

жам бастық бөлігі, 2 - қақпалық вена, 3 - бау-

ыр ға баратын венаны буған жіп, 4 - оң жақ 

жү рек шеге баратын тамыр. Нұсқамалар – 

қан ның жылжу бағыты

Организмде белоктардың алмасуын тексеру үшін баланстық 



тəжірибелер жүргізеді. Ол үшін организм қабылдаған азот 

мөлшерін организмнен зəр мен нəжіс арқылы бөлінген азот 

мөлшерімен салыстырып, «азоттық балансты» анықтайды. Ор-

ганизм қабылдаған азот мөлшері мен нəжіс құрамында бөлінген 

азот мөлшерінің айырмасына қарап, денеге сіңген белок мөлше-

рін есептеп шығаруға болады. Белок құрамында орта есеппен 16 

пайыз (немесе 100 г белокта 16 г) азот болады. Осыдан организм 



263

қабылдаған жəне бөлген азот айырмасын 6,25 коэффициентіне 

көбейту арқылы денеде жинақталған белок мөлшерін анықтайды. 

Денеде бұзылған белоктың мөлшерін зəр мен тер құрамында 

бөлінген азот мөлшерін 6,25 коэффицентіне көбейту арқылы 

біледі. Дегенмен, бұл əдіс зат алмасу процесінің сапалық жағын 

көрсетпейді, жеке ағзалар мен ұлпалардағы күрделі құбылыстар 

жайлы мағлұмат бере алмайды, ол тек зат алмасудың қарқынын 

ғана көрсетеді.

Жеке ағзалар мен ұлпадағы зат алмасу процесін зерттеу үшін 

органдарды  оқшаулау, тамыр көбектеу, тамыр сүңгілеу (кате-

терлеу) əдістері кеңінен қолданылады.

Қазіргі кезде зат алмасу процесін зерттеу мақсатында 



таңбаланған атомдар да кеңінен қолданылады. Бұл əдіс бойын-

ша алмасу жолы зерттелетін заттар арнаулы өңдеуден өткізіледі 

де, олардың құрамындағы жеке элементтердің массасы мен 

радиоактивтік қасиеттері өзгеріп, изотоптар пайда болады. Осы 

тəсілмен құрамына қалыпты азот, көміртегі, фосфор, күкірт орны-

на олардың радиоактивті изотоптары енген (мысалы, массасы 35-

ке тең азот атомы (N

35

) немесе массасы 14-ке тең көміртегі атомы 



(C

14

), массасы 35-ке тең күкірт атомы (S



35

), массасы 32-ге тең фос-

фор атомы (Р

32

), т.б. амин қышқылдары мен басқа да органикалық 



жəне минералды қосылыстар алынады. Бұл заттардың ағзалар 

мен ұлпаларға таралуына қарап, олардың зат алмасудағы рөлін 

анықтайды. Аталған радиоактивті изотоптарды бақылау үшін 

ұлпаларды  радиометриялық немесе масс-спектрометриялық 



тек  серулерден (атомдар мен молекулаларды массасына сəйкес 

жіктеу) өткізеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет