организмдері арасындағы селбестік жатады. Азық құрамындағы
274
ры құрамындағы эндогенді белоктар. Аталған азотты заттардың
негізгі бөлігі (80 пайыз шамасында) ащы ішекте қорытылады да,
қалғаны тоқ ішекте ыдырайды.
Қанға сіңген амин қышқылдарынан ұлпаларда организм-
ге тəн белоктар түзіледі. Демек, күйіс малында белок екі мəрте
синтезделеді: алдымен мес қарында аммиак пен амин қышқыл-
дарынан, екінші рет ұлпаларда қанға сіңген амин қыш
қыл да-
рынан. Күйіс малында аммиак та екі рет: мес карында өсімдік
бе
локтарының қорытылуы барысында жəне ұлпаларда - амин
қышқылдарын аминсіздеу нəтижесінде түзіледі.
Күйіс малына азоттың мес қарын - бауырлық айналымы тəн.
Бұл құбылыстың биологиялық мəні зор. Ол микроорганизмдер
əрекетімен түзілген несепнəрді қайта ыдыратып, организмдегі
азот қорын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Мес қарын микроорганизмдерінің əрекетімен көптеген амин
қышқылдары, соның ішінде алмастырылмайтын қышқылдар
да түзіледі, сондықтан күйіс малы азықтың амин қышқылдық
құрамына онша тəуелді болмайды деген ұғым қалыптасқан. Қазіргі
кезде малдың, əсіресе, мол өнімді малдың, амин қышқылдарға де-
ген мұқтаждығын микробиологиялық синтез толық қамтамасыз
ете алмайтыны дəлелденді.
Достарыңызбен бөлісу: