Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Көмірсулардың алмасуы жəне оның реттелуі



Pdf көрінісі
бет213/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

9.5. Көмірсулардың алмасуы жəне оның реттелуі 

Көмірсулардың биологиялық маңызы. Көмірсулар - құрамын-

да көміртегі, сутегі жəне оттегі бар органикалық қосылыстар 

тобы. Олар моно-, ди-, полисахаридтер болып бөлінеді. Мал де-

несі құрғақ затының 2 пайызы көмірсулардың үлесіне тиеді.

Көмірсулар организмде жеңіл ыдырап, өз деполарынан 

шапшаң шайылады да, оңай тотығады. Сол себепті организм-

ге қосымша қуат қажет болған жағдайда (түрлі эмоция, дене 

жұмысы, т.б.) ең алдымен көмірсулар пайдаланылады. 

Көмірсулар (глюкоза) организмде негізінен қуат көзі ре-

тінде пайдаланылады немесе энергия қорына (гликоген) айна-

лады. Сонымен қатар олар түрлі күрделі қосылыстардың (нукле-

опротеидтердің, гликопротеидтердің) құрамына кіреді. Олар 

бұлшық еттердегі биохимиялық процестер мен энергия алмасу-

ында маңызды рөл атқарады. Сол себепті қан құрамында глюкоза 

мөлшері азайса (гипогликемия) дене температурасы төмендеп, ор-

ганизм əлсірейді, орталық жүйке жүйесі мен бұлшық ет қызметі 

бұзылып, жүрек жұмысы нашарлайды, дене дірілдеп, мал қатты 

терлейді. Қант деңгейі күрт төмендеп кетсе, тіршілік тоқтап та 

қалады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет