11-сызба. Глюкоза алмасуындағы əртүрл іоргандар арасындағы ара-
байланыс
Ұлпалардағы алмасу кезінде пайда болған сүт қышқылының
85 пайызы аэробты жағдайда қайтадан гликоген түзугеге пайдала-
нылып, тек 15 пайызы алдымен пируватқа айналады да, соңынан
толық тотығып, көмір қышқыл газы мен су бөлінеді.
Орталық жүйке жүйесі торшаларында глюкоза қоры мол бол-
майды, сондықтан олар қаннан қантты үздіксіз сіңіріп отырады.
Ми қан құрамындағы глюкозаның 12-15, ішек - 9, бүйрек - 5 пай-
ызын сіңіреді. Мида глюкоза тікелей аэробты жолмен тотығып,
көмір қышқыл газы, су жəне көп мөлшерде энергия бөлінеді. Бұл
энергияның біраз мөлшері АТФ түзу үшін жаратылады. Кейбір
ағзалар (көк бауыр, өкпе) глюкозаны сіңірмей қан құрамында аз
мөлшерде кездесетін гликогенді пайдаланады.
277
Бүйректе бауырдағы сияқты глюкозаның аэробты тотығуы
басымырақ жүреді де, глюкоза фосфотриозаның екі молекула-
сына ажырап, олардан пируват түзіледі. Пируват ацетил-КоА
түрінде Кребс айналымына қосылады да, тотығу нəтижесінде
көмір қышқыл газы, су жəне энергия бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |