318
өзгеріп отырады. Ауа температурасы төмендесе, жылудың сыртқа
берілуі азаяды, ал жоғарыласа - көбейеді. Жылуды денеден сыртқа
беруді күшейтіп немесе азайтып отыратын физиологиялық про-
цестер жиынтығын физикалық жылу реттеу деп атайды. Дене-
ден жылу шығару процесі арнаулы физиологиялық механизмдер
əрекетінің жағдайына қарай (тері тамырларының, тер бездерінің,
терінің бірыңғай салалы ет талшықтарының, дененің кеңістіктегі
жағдайының) өзгеріп отырады.
Жылу денеден өткізу, конвекция, радиация жəне булану
сияқты физикалық процестердің арқасында бөлінеді (118-сурет).
Өткізу деп жылудың денемен жанасқан температурасы төмен
заттарға берілуін айтады (мысалы, құстан ұяға). Бұл жол тек құс
үшін ғана тиімді, басқа мал үшін онша маңызы жоқ.
Конвекция деп жылудың денемен жанасқан ауа ағынына
берілуін айтады. Конвекция жылу өткізу процесімен тығыз бай-
ланысты. Малдың қимылы немесе ауа ағыны неғұрлым жылдам
болса, соғұрлым конвекция күшейіп, жылу өткізу артады.
Радиация (сəулелену) деп денеден жылудың инфрақызыл
сəулелермен таралуын айтады. Дене температурасы жоғарылаған
сайын сəулелену күшейе түседі.
Достарыңызбен бөлісу: