Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Қанның қызыл түйіршіктері - эритроциттер



Pdf көрінісі
бет26/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

Қанның қызыл түйіршіктері - эритроциттер

Эритроциттер немесе қанның қызыл түйіршіктері - сүт қо-

ректі жануарларда ядросыз, екі бүйірі қысыңқы дөңгелек та-

бақша пішіндес торшалар. Түйе мен ламада олар - сопақша, ал 

құс пен бауырымен жорғалаушыларда, балықтарда пішіні жа-

ғынан сопақша жəне ядролы торшалар. Үй жануарларында эри-

троциттердің диаметрі 4,3-6 мкм. шамасында (2-сурет)

Эритроциттердің дене тұлғасы жəне қабығы болады. Олардың 

күрделі май-белок кешенінен кұралған қабығы (мембранасы) 

кол 


лоидтар, натрий, калий, кальций иондарын нашар, ал С1–, 

НСО


3

– аниондары мен Н

+

 жəне ОН


 иондарын жақсы өткізеді 



(3-сурет). Мембрананың осындай талғамды өткізгіштік қасиетіне 

байланысты эритроцит пен қан плазмасының құрамында едəуір 

айырмашылық қалыптасады (4-кесте).

 

Эритроциттердің құрамында 60% су жəне 40% құрғақ зат бо-



лады. Құрғақ заттың 90 пайызы ерекше белок - гемоглобиннен 

тұрады, ал қалған 10 пайызы басқа белоктар, көмірсулар, майлар, 

минералды заттар.

3-сурет. Жеке эритроцит (электронды 

микроскоптық бейнесінде бетіндегі 

жасушалар байқалады, х 10.00)

2-сурет. Эритроциттер 

(электрондық микрофото-

грамма, х 4000)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет