Қанның қызыл түйіршіктері - эритроциттер
Эритроциттер немесе қанның қызыл түйіршіктері - сүт қо-
ректі жануарларда ядросыз, екі бүйірі қысыңқы дөңгелек та-
бақша пішіндес торшалар. Түйе мен ламада олар - сопақша, ал
құс пен бауырымен жорғалаушыларда, балықтарда пішіні жа-
ғынан сопақша жəне ядролы торшалар. Үй жануарларында эри-
троциттердің диаметрі 4,3-6 мкм. шамасында (2-сурет).
Эритроциттердің дене тұлғасы жəне қабығы болады. Олардың
күрделі май-белок кешенінен кұралған қабығы (мембранасы)
кол
лоидтар, натрий, калий, кальций иондарын нашар, ал С1–,
НСО
3
– аниондары мен Н
+
жəне ОН
–
иондарын жақсы өткізеді
(3-сурет). Мембрананың осындай талғамды өткізгіштік қасиетіне
байланысты эритроцит пен қан плазмасының құрамында едəуір
айырмашылық қалыптасады (4-кесте).
Эритроциттердің құрамында 60% су жəне 40% құрғақ зат бо-
лады. Құрғақ заттың 90 пайызы ерекше белок - гемоглобиннен
тұрады, ал қалған 10 пайызы басқа белоктар, көмірсулар, майлар,
минералды заттар.
3-сурет. Жеке эритроцит (электронды
микроскоптық бейнесінде бетіндегі
жасушалар байқалады, х 10.00)
2-сурет. Эритроциттер
(электрондық микрофото-
грамма, х 4000)
|