теріне байланысты өзгереді. Шөп қоректі жануарларда ол - сіл -
мен де реттеледі. Бүйрек жұмысы органның өзінде орналасқан
өзгеретіні дəлелденген. Бүйрек қызметін рефлекстік жолмен рет-
жүйкеленеді. Симпатикалық жүйкені тітіркендіргенде мальпи гий
ал хлорлы натрий көбірек шығарылады. Кальцийдің кері соры-
331
реттейтіні жайлы деректер бар. Кезеген жүйкені тітіркендірген-
де организмнен судың бөлінуі күшейіп, азотты заттардың шыға-
рылуы кемиді. Бүйрекке келетін симпатикалық жəне кезеген
жүйкелерді қиып тастағанда организмнен хлорлы натрийдің
бөлінуі күшейеді, ал кезеген жүйкені тітіркендіргенде ол азая-
ды. Вегетативтік жүйкелер бүйрек жұмысына оның қанмен
жабдықталу деңгейін өзгерту арқылы əсер етеді. Зəр түзу бүйрек
тамырлары тарылған, қан қысымы төмендеген кезде əлсірейді де,
керісінше, бүйрек тамырлары кеңейгенде, жалпы қан қысымы
жоғарылағанда, күшейеді.
Зəр түзу орталығы сопақша мида орналасады, ол аралық
мидағы су мен тұздың алмасуын реттейтін орталықпен тығыз бай-
ланысты. Зəр түзу процесіне үлкен ми сыңарлары да əсер етеді.
Үлкен ми сыңарларының алдыңғы бөлімінде зəр түзуге ықпал
ететін орталықтың болатынын 1879 ж. В. М. Бехтерев дəлелдеген.
Қазіргі кезде бұл орталықтың зəр түзу процесінің қарқынын,
зəрдің құрамын реттеуге қатысы бар екені анықталды. Аталған
орталық эфференттік жолдармен аралық жəне ортаңғы ми, сұр
төмпешік, гипоталамус аймағындағы жүйке орталықтарымен
байланысады. Бұл орталық зақымданса зəр түзу процесі
бұзылмағанымен, бүйрек қызметінің организм күйіне бейімделу
қабілеті төмендейді. Мысалы, организмге шамадан тыс мөлшерде
су берілгенде бүйрек қызметі нашарлайды. Бүйрек қызметіне
үлкен ми сыңарлары əсерінің боларын шартты рефлекстер
қалыптастыру арқылы дəлелдеуге болады. Тік ішекке су құйса,
зəр түзу күшейеді. Егер осы шара белгілі бір шартты сигналдан
(қоңырау, электр шамын жағу т.б.) кейін қайталанса, бірнеше
тəжірибеден кейін тек шартты сигнал зəр түзуді күшейтеді.
Бүйректің қызметі гуморальдық жолмен де реттеледі. Диу-
рез қанда хлорлы натрий, несепнəр, пурин негіздері көбейсе
күшейеді. Дегенмен, зəр түзу процесін реттеуде гипофиздің ва-
зопрессин гормоны мен бүйрек үсті безінің қыртыстық затынан
бөлінетін альдостерон гормоны маңызды рөл атқарады.
Организмде су тапшылығы байқалса, қан құрамында хлор-
лы натрий концентрациясының өсуіне байланысты ұлпалар
мен ағзалардағы осморецепторлар тітіркенеді де, тітіркеніс
аффе
ренттік жолмен гипоталамус арқылы нейрогипофизге
бағытталады. Осының нəтижесінде вазопрессиннің бөлінуі кү-
шейеді. Вазопрессин гиалуронидаза ферментінің түзілуін арт-
ты рады. Бұл ферменттің əсерімен бүйректің дисталдық ирек
түтік шелерінің қабырғаларын тығыздап тұратын мукополиса-
харид - гиалурон қышқылы полимерсізденіп, түтікшелер қабыр-
ғасындағы жасушалар кеңейеді де, судың кері сіңірілу процесі
332
күшейеді. Осының нəтижесінде организмде су қоры көбейіп,
зəр түзу қарқыны күрт төмендейді (олигоурия) немесе зəр бөлу
тоқтайды (анурия). Вазопрессин неғұрлым көп бөлінсе, соғұрлым
гиалуронидаза мол түзіледі де, нефрон түтікшелерінің дистальдық
бөлігінде судың кері сіңірілуі күшейеді. Организмде су қоры
артып кетсе, вазопрессин аз бөлінеді де, гиалуронидазаның
синтезі төмендейді, гиалурон қышқылы бұзылмайды, түтікшелер
қабырғасы бекемделеді, судың қайта сіңірілуі нашарлап, зəр
түзу күшейеді. Гипоталамус зақымданса, қанға вазопрессин
бөлінбейді де, зəр бөлу шамадан тыс артып кетеді (полиурия).
Достарыңызбен бөлісу: