5
1-т а р а у
ЖАНУАРЛАР ФИЗИОЛОГИЯСЫ ПƏНІНЕ КІРІСПЕ
1.1. Физиология пəнінің мазмұны, мақсаты жəне салалары
Жануарлар физиологиясы – биологияның маңызды салалары-
ның бірі. Физиология деген сөз грек тілінде тірі организмнің
функ циялары туралы ғылым немесе тіршілік тану деген мағына
береді. Физиология организмнің тіршілік əрекетін, жеке мүшелер
мен жүйелердің қызметін зерттеп, олардың ерекшеліктерін, био-
логиялық маңызын анықтайды, организмнің сыртқы ортамен
қарым-қатынастарындағы заңдылықтарды ашады. Бұл ғылым
организмнің тіршілік əрекеттерін даралап тексермей, оларды бір-
тұтас тығыз байланыстағы процестер жиынтығы ретінде қарай -
ластырады жəне организмге тəн біртұтастық қасиет орталық
жүйке жүйесі кызметі мен əр түрлі биологиялық белсенді (активті)
заттардың əсерінен қалыптасады деп тұжырымдайды.
Физиология пəнінің негізгі мақсаты - əртүрлі құрылымдық
деңгейдегі тіршілік процестерінің (зат алмасу, тыныс алу, қорек-
тену, т.б.) заңдылықтарын зерттеу; организмнің жеке жүйелерінің
жəне тұтас организм мен сыртқы орта араларындағы өзара əсер-
лердің механизмін анықтау; əртүрлі эволюциялық даму дең гей-
індегі жəне түрлі экологиялық жағдайлардағы жануарлар орга-
низ міндегі физиологиялық функциялардың сапалық айырмасын
тексеру; организмнің жеке даму (онтогенез) жағдайында түрлі
физиологиялық функциялардың қалыптасу заңдылықтарын зерт-
теу. Осы аталған мақсаттарға сəйкес жануарлар физиология
сы
бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ дара дамитын бірнеше са-
ла лар ға бөлінеді. Оларды жалпы, салыстырмалы, эволюция лық,
жас жəне салалық (дербес) физиология деп атайды.
Жалпы физиология жеке торшалар мен олардың цито
плаз-
масының (торша сұйығының), қабығының (мембрана) қызметін,
тор шааралық байланыстарды, басқаша айтқанда, организм тір-
шілігінің негізін зерттейді.
Салыстырмалы жəне эволюциялық физиология əртүрлі жа-
нуарлар организмінің тіршілік əрекетін филогенездік даму
үстінде зерттейді.
Жас физиологиясы организмнің тіршілік əрекеттерінің дара
өсіп-даму (онтогенез) процесінің əртүрлі сатысындағы ерекше-
лік
терін, функциялардың пайда болуын, қалыптасуын жəне
олардың арақатынастарының өзгерістерін зерттейді.
6
Салалық (дербес) физиология жануарлардың жеке кластары
мен топтарының (мысалы, жеке түліктердің), жеке органдардың
(жүрек, бүйрек, бауыр т.б.), ұлпалардың (ет, жүйке) тіршілік
ерекшеліктерін зерттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |