1.4. Физиология əдістері
Физиология тəжірибелік (эксперименттік) ғылым. Сондықтан
оның негізгі əдісі – тəжірибе жүргізу. Физиологиялық тəжірибе
үш нұсқада (вариантта) - жедел тəжірибе, созылмалы тəжірибе
жəне органдар қызметін модельдеу, жүргізіледі (2-сызба).
Жедел тəжірибелерде малға наркоз беріп, хирургиялық опе-
рациялар жасайды да, ішкі органдарға əсер ету (тітіркендіру, та-
мырларды қию, дəрі-дəрмектер жіберу) арқылы олардың тіршілік
əрекеттеріндегі өзгерістерді бақылайды. Жедел тəжірибелер то-
бына ағзаларды оқшаулау əдісі де жатады. Оқшауланған ағза-
ны (бауыр, жүрек, желін) тамырлары арқылы қоректік заттар-
мен шаймалап (перфузиялап) немесе қанды алмастыратын
изо
тониялық ерітінділерде ұстап, олардың тіршілік əрекетерін
ұзар тып, зерттейді. Кейбір жағдайларда органдарды толық оқ-
шау
ламай, олардың тамырларын арнаулы аппараттарға қосып
(мы салы, жасанды жүрекке), жасанды түрде қоректендіреді де,
олардың қызметін тексереді.
Бұл тəжірибелердің арқасында органдарда жүретін физиоло-
гиялық процестерге терең талдау жүргізеді. Созылмалы тəжіри-
белер алдын ала арнаулы операция жасалып, зерттеуге дай ын-
далған жануарларға жүргізіледі. Осы мақсатпен малдың қарнына,
ішектеріне көбек (фистула) қойылады, ас қорыту бездерінің
өзек тері сыртқа шығарылады, тітіркендіру немесе биоток тарту
мақсатымен органдарға электродтар қондырылады, тамырлар тү-
тік шемен сүңгіленеді (катетрлендіріледі), т.б. Бұл əдіс нақтылы
бір мақсатпен арнаулы операциядан өткен малға ұзақ уақыт бойы-
на тəжірибе жүргізуге мүмкіндік береді.
|