1.3. Жануарлар физиологиясының маңызы
Жануарлар физиологиясы - үй хайуанаттарының тіршілік əре-
кеттері мен олардың реттелу механизмдерін зерттейтін дербес
физиологияның маңызды салаларының бірі. Физиология пəн-
дері қатарында бұл қолданбалы сала болса, мал өсіру мен мал
дəрігерлік кəсіптері үшін іргелі ғылым болып табылады.
Жануарлар физиологиясының негізгі мақсаты - үй хайуанат-
тарының тіршілік əрекеттерін зерттеп, олардың өнімділігін,
өнімінің сапасын адамның мұқтажына, талабына сəйкес арттыру.
Демек, физиология - мал шаруашылығының биологиялық негізі.
Физиология ғылымының жетістіктері мал дəрігерлік жəне
мал өсіру жұмыстарында кеңінен пайдаланылады. Əртүрлі ауру-
|