Оқулық. Алматы: жшс рпбк


-кесте. Буаздық мерзімі (күнмен есептегенде)



Pdf көрінісі
бет316/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

38-кесте. Буаздық мерзімі (күнмен есептегенде)

Жануарлар

Орта 

есеппен


Ауытқуы

Жануарлар

Орта

есеппен


Ауытқуы

Бие


Мəші

Сиыр


Іңген

Қой,ешкі


Мегежін

Піл


340

380


285

365


150

114


660

307-412


360-390

240-310


335-395

140-160


110-140

Бұғы


Ит

Түлкі


Мысық

Қаракүзен

Бұлғын

Қоян


225

62

51



58

42

-



30

195-243


59-65

51-54


55-60

37-80


250-300

28-33


Буаздық мерзіміне климат жағдайлары, қоректену деңгейі 

əсер етеді. Сапасыз азықтандырған жағдайында буаздық ұзарады. 

Ата лық төл ұрғашы төлге қарағанда ұзағырақ көтеріледі.

12.11. Мал организміне буаздықтың əсері

Буаздық кезеңінде ұрғашы мал организмінде көптеген фун к- 

ционалдық өзгерістер байқалады. Ең алдымен, ішкі секреция 

бездерінің қызметі өзгереді, олардың өзара байланыстарын-




416

да ерекшіліктер туындайды. Фолликулалардың дамуы үстінде 

аналық безден бөлінген эстроген гормоны жатыр еттерінің өсуін 

күшейтіп (гиперплазия), оның кілегейлі қабығында торшалардың 

көбейе өсуін (пролиферация) туындатады. Ал сары денеден 

бөлінген прогестерон гормонының əсерімен ұрық жатырға бекиді 

(нидация, имплантация). Бұл гормон жатыр етінің окситоцинге 

сезімталдығын төмендетіп, жатыр қимылын баяулатады, аналық 

безде фолликулалардың жетілу процесін, овуляцияны тежейді. 

Буаздық кезеңінде жолдас та көп мөлшерде эстроген жəне про-

гестерон гормондарын бөледі. Сонымен қатар тақ тұяқты жа-

нуарларда көбею процесін нейрогуморальдық реттеуде түліктік 

ерекшеліктер де байқалады. Мысалы, биелерде буаздықтың 

алғашқы айында гипофиздің гонадотроптық гормондар бөлу 

қабілеті күшейіп, сары дене онша көп белсенділік көрсетпейді. 

Осымен байланысты биелерде буаздықтың алғашқы айларын-

да аналық безде фолликулалар жетіліп, овуляция процесі де 

байқалуы мүмкін. Сонымен қатар қанда фолликулаларда түзілетін 

эстрогендер концентрациясы өседі де, жатырға ішіндегі бласто-

циста ерекше əсер етеді. Осыдан жатырдың кілегейлі қабығында 



эндометриялық ойыс деп аталатын арнаулы құрылым пайда бо-

лып, ол уақытша эндокриндік без қызметін атқарады. Бұл құрылым 

торшалары гонадотропин түзіп, оны қанға бөледі де, қосымша 

фолликулалардың өсіп-дамуына ықпал етеді. Олар жарылған соң 

орындарында пайда болған сары денелер көп мөлшерде прогесте-

рон гормонын бөледі. Бұл ұрықтың жатырға бекуіне мүмкіндік 

туғызады. Прогестеронның əсерімен эндометриялық ойыстар 

бұзылып, жатыр гонадотропинінің бөлінуі тиылады. Буаздықтың 

3-3,5 айлық кезеңінен бастап, прогестерон мен эстрогендердің 

ара қатынасын жолдас реттей бастайды.

Буаздықтың алғашқы жартысында ас қорыту ағазаларының 

қызметі күшейіп, азық жақсы қорытылады, оның сіңімділігі ар-

тып, малдың қоңы жақсарады. Бірақ буаздықтың екінші жарты-

сында мал арықтай бастайды. Буаздық кезінде бауырда гликоген 

көп жинақталып, қан құрамында бейтарап майлардың, липидтер 

мен холестериннің концентрациясы жоғарылайды. Буаздықпен 

байланысты қанның жалпы мөлшері көбейіп, бірақ оның мор-

фологиялық құрамы айтарлықтай өзгерістерге ұшырамайды, қан-

ның ұйығыштығы артып, эритроциттердің тұну жылдамдығы 

шапшандайды, гемоглобин деңгейі көп ауытқымайды, қанда каль-

ций мен фосфор мөлшері төмендеп, калий деңгейі жоғарылайды. 

Іштөлдің мұқтаждығын қамтамасыз ету үшін жүректің жұмысы 




417

күшейеді, тыныс жиілейді, бүйрек қызметі артып, зəр мен нəжіс 

бөлу жиілейді. Желінде де күрделі өзгерістер байқалады (келесі 

тарауды қараңыз).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет