414
ұрық ұзақ уақыт жатырға бекімей бос жүреді. Мысалы, бұл-
ғын шілдеде шағылысқанымен, тек сəуір-мамыр айларында
ғана күшіктейді. Тіпті, ақпан айында олардың жатырында ор-
нықпай, еркін жүрген бастоцисталарды кездестіруге болады.
Ұрық дамуындағы осындай құбылысты буаздықтың жасырын
(латенттік) сатысы деп атайды. Бұл сары дене белсенділігінің
тежелуімен байланысты қалыптасады да, ұрпақтың өсіп-дамуға
тиімді мерзімде (көктемде) тууына мүмкіндік береді.
Қағанақ (ұрық қабығы) күрделі жолмен дамиды. Бластуланың
ішкі қуысының (бетінің) эмбриобласт торшаларымен астарла-
нуы нəтижесінде эндодермалық қуыс - сарыуыз қалтасы пай-
да болады. Онда құрамында белок пен ұрық дамуына қажетті
басқа заттар бар сұйық жиналады. Трофобластың жылдам өсуі
нəтижесінде ұрық торшалары екі қабат қабықпен қоршалады.
Олар ұрықтың дамуының алғашқы сатыларында қатпаршақтар
түзіп, кейінірек ұрық ұлпаларына бастау болады. Сонымен ұрық
екі қабықтың ішінде қалады. Оның сыртқысын трофобласт,
ал ішкісін - амнион деп атайды. Амнион кіндік түбінде терімен
ұштасады. Трофобластың сыртқы бетінде тамырлар біте өскен
бүрлер - хорион пайда болады.
Амнион мен хорион арасында құрамында белок бар шұ-
балыңқы сұйық жиналады да, кіндік тұсында оған сарыуызды
қалта мен қуық қапшығы - аллонтоис енеді.
Ұрық қабығы - қағанақ (амнион), ішінде ұрықты кеуіп кету-
ден жəне механикалық зақымданудан сақтайтын буфер қызметін
атқаратын сұйық болады. Бұл сұйық құрамындағы биологиялық
белсенді заттар жатыр тонусын сақтауда, ұрықтық ас қорыту
жүйесінің дамып, зат алмасу процесінің қалыптасуын қамтамасыз
етуде маңызды рөл атқарады.
Хорион (сыртқы тамырлы қабық) мен жатырдың кілегейлі
қабығының байланысуынан күрделі орган - жолдас (плацента)
түзіледі. Жолдас аналық жəне ұрықтық бөліктерден тұрады. Ол
өте күрделі қызмет атқарады. Жолдас ұрықты қоректік заттар-
мен, оттегімен қамтамасыз етіп, көмір қышқыл газы мен қажетсіз
өнімдерді бөліп шығаруға мүмкіндік береді, залалды заттар-
ды, микроорганизмдер мен паразиттерді ене қанынан ұрыққа
өткізбейді, басқаша айтқанда, тосқауылдық қызмет атқарады.
Оған талғамдылық қасиет тəн.
Ұрық хорионда жүретін күрделі биохимиялық реакциялар
мен ферменттік процестер нəтижесінде қоректенеді. Ірі моле-
кулалы белоктар хорионда ферменттердің əсерімен альбумин-
415
ге ыдырап, соңынан ұрық денесінде олардан қайтадан белок
түзіледі. Май мен күрделі көмірсулар да алдымен жолдаста ыды-
рап, соңынан ұрық денесінде қайта синтезделеді. Жолдастың
талғамды өткізгіштік қасиетінің нəтижесінде ене қаны мен
ұрық қанының құрамындағы кальций, калий, натрий жəне темір
концентрациясының деңгейінде айырма байқалады. Жолдаста
дəрмендəрілер де жинақталады. Ол гормондарды, антиденелерді
оңай өткізеді.
Ұрықтың қан айналымына өзіндік ерекшеліктер тəн. Ұрық
организмінде ассимиляция процесі диссимиляциядан басымы-
рақ. Бұл оның тез өсуін қамтамасыз етеді. Ұрықтың жүректен
басқа ағзалары əлсіз жұмыс істейді, сондықтан ол қуатын көп
шығындамай, үнемдеп жұмсайды.
Құрсақтық дамудың екінші жартысында ұрық бүйрегі,
кейбір ішкі секрециялық бездер қызметке қосылып, зəр, инсу-
лин, өсу гормоны, т.б. бөлінеді, ішек баяу жұмыс істей бастай-
ды. Онда ферменттер бөлініп, тоңғақ (меконий) жиналады.
Тоңғақ негізінен өт пен эпидермистен құралады. Еттің жиы-
рылу қабілетінің қалыптасуымен байланысты ұрықта қимыл-
əрекеттері байқалады.
Буаздық мерзімінің ұзақтығы əр түлікте əртүрлі (38-кесте).
Достарыңызбен бөлісу: