Бақылау сұрақтары
1. Сүттену (лактация) дегеніміз не? Əр түлік малдың сүттену ке зе ңінің
ұзақтығы қандай? Сүттену сатыларын атаңыз.
2. Желіннің дара даму кезеңінде өсіп-жетілуін баяндаңыз.
3.Желіннің анатомиялық құрылысын баяндаңыз. Желіннің сыйымдылық
(жинақтаушы) жүйесі деген не?
4. Уыздану (лактогенез) жəне сүттену (лактопоэз) дегеніміз не жəне бұл
процестер қалай реттеледі?
5. Уыз бен сүттің құрамында қандай айырмашылық бар? Уыздың ма-
ңызын айтыңыз.
6. Сүттің физикалық-химиялық қасиеттері, құрамы қандай?
7.Сүт майының құрамы мен қасиеттеріне сипаттама беріңіз. Сүт майы
қалай түзіледі?
8. Қан құрамындағы сүттің алғы заттарына сипаттама беріңіз.
9. Сүт белоктары мен лактозаның биосинтезі қалай жүреді?
10. Ию дегеніміз не? Оның механизмін түсіндіріңіз.
11. Сүт беру рефлексінің механизмін баяндаңыз. Исіну деген не?
12. Желін мен басқа органдардың функционалдық байланысы қалай
қалыптасады?
13. Малды машинамен сауудың физиологиялық негізін түсіндіріңіз.
|