14.2. Тірі ұлпалардың биологиялық қасиеттері.
Қозу процесінің даму сатылары
Барлық тірі құрылымдарға тітіркенгіштік, қозғыштық жəне
құбылмалылық (лабильділік) қасиеттері тəн.
Тітіркенгіштік - тірі құрылымдардың тітіркендіруге өзіндік
сипатсыз, жалпылама реакциялармен - зат жəне энергия алмасу
процесінің өзгеруімен, беретін жауабы. Бұл реакцияларға шек-
телген сипат тəн, олар тірі құрылымның белгілі бір учаскесінде
шоғырланады, басқа учаскелерге таралмайды.
Тітіркенгіштік қасиет жануарлар торшаларына да, өсім
дік-
тер торшаларына да тəн қасиет. Оның əсерімен торшалар
мен
ұлпалардың өсу жəне көбею процестері атқарылады. Тітір кен-
гіштік қасиет арқасында тірі құрылымдардың қоршаған орта
жағдайларына баяу морфологиялық бейімделу процесі жүреді.
Жануарлар ұлпасына тітіркенгіштік қасиетпен қатар қоз-
ғыштық тəн. Қозғыштық деп тірі құрылымдардың тітіркен діру ге
өзіне тəн телімді реакциямен, таралатын əрекет потенциалы мен
(тітіркеніспен) жауап беруін айтады.
Қозу процесі шектелген (таралмайтын) жəне шектелмеген
(таралатын) болып екіге бөлінеді.
Шектелген қозу түрін алғаш рет Н. Е. Введенский ашқан.
Қозудың бұл түрі тітіркендіргіш күші табалдырықтан төмен
болған жағдайда туындайды. Мұндай жағдайда ұлпаның қозған
учаскесінде əлсіз ғана теріс электр заряды пайда болады да, ол
жан-жағына декреметті түрде (өше) жайылады. Сондықтан бұл
потенциал ұлпа бойымен таралмай, бірнеше миллиметр аралықта
өшіп қалады.
Тітіркендіргіш күші табалдырықтан жоғары болған жағ дай-
да əрекет тогы пайда болып, қозу толқыны ұлпа бойымен дек-
рементсіз (өшпей), жеке импульстер (тітіркеністер) түрінде тара-
лады, шектелмеген қозу туындайды.
Ұлпаларда пайда болатын қозу процесі - тұтасқан, толассыз
құбылыс емес, ол үздік-үздік, белгілі бір ырғақпен пайда бола-
тын процесс. Оның себебі, қозудың пайда болып, дамуы кезінде
ұлпалардың қозғыштық қасиетінде сатылы өзгерістер байқалады.
Ұлпада үйексіздену (деполяризация) процесі жүріп, шектелген, та-
ралмайтын қозу процесі пайда болған кезде аз уақытқа қозғыштық
жоғарылайды (152-сурет, 1,5). Шектелген қозу таралатын қозуға
463
айналғанда, натрий иондары торша ішіне ығысады да, əрекет
потенциалының шыңы байқалып, ұлпаның қозғыштығы күрт
төмендейді (152-сурет, 2,6). Бұл кезде ұлпалардың тітіркендіруге
сезімталдығы уақытша жоғалады (абсолюттік рефрактерлік
құбылысы), олар тітіркендіруге жауап бермейді (латын тілінен
аударғанда rеfrаcta деген сөз - қабылдамау деген мағына береді).
Абсолюттік рефрактерлік кезең əрекет потенциалы шыңының
өрлеу тұсымен сəйкес келеді. Ол жылы қанды жануарлардың
миелинді жүйке талшықтарында 0,5–1 мс, бұлшық етте 2,5–3 мс,
ал жүрек еттерінде 300–400 мс уақытқа созылады. Абсолюттік
рефрактерлік сатысында күрделі биохимиялық процестер жүріп,
қозуды тудыруға қажет энергия бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |