(Л. Морган сызбасы).
3,7). Салыстырмалы рефрактерлік сатысы жүйке талшықтарын да
1–10, ал ет талшықтарында 30 мс. дейін созылады.
бұл кезең іздік үйексізденудің соңымен сəйкес келеді. Экзальта-
ды. Бұл кезде ұлпалар қозғыштығы тыныштық сатысымен са-
лыс тырғанда, төменірек болады. Субнормалы кезең іздік ги-
464
ша ішіне өтуінің тиылып, мембрананың калий иондарына өтім-
ділігінің жоғарылауымен байланысты. Осының нəтижесінде
мембрананың қозғыштығы уақытша жоғалып, онда жаңа тітір-
кендіруге жауап ретінде əрекет потенциалы туындамайды. Са-
лыстырмалы рефрактерлік жағдайында натрий иондарының
өтімділігін төмендететін, калий иондарының өтімділігін жоға-
рылататын жағдайлар жойылып, мембрананың тыныштық күйін-
дегі қасиеттері қалпына келеді. Осының нəтижесінде торшалар
мембранасының қозғыштығы мен оның əрекет потенциалын
тудыру қабілеті біртіндеп қалпына оралады. Зат алмасу процесі
үшін қолайсыз жағдайлар туындаса, қалыптастыру процестері
баяулап, салыстырмалы рефрактерлік мерзімі ұзарады. Деген-
мен, қозғыштықтың төменгі деңгейде сақталуымен байланысты,
салыстырмалы рефрактерлік жағдайында қозу процесін тудыру
үшін тітіркендіргіш күші зор болу керек.
Экзальтация сатысында торшаларда қалыптастыру про-
цестері толығымен аяқталады. Іздік үйексіздену шегіне жақын-
дап, торшаның қозғыштығы жоғарылайды (үйексіздену деп
мембраналық потенциал деңгейінің төмендеуін атайды). Осы
кезде торшаға ықпал еткен тітіркендіргіштің əсері күшейеді,
сондықтан күші табалдырықтан төмен тітіркендіргіштің өзі
табалдырықтан жоғары тітіркендіргіштей əсер етеді. Экзальта-
ция сатысында ұлпаларда келесі қозу тітіркенісінің пайда бо-
луына қолайлы жағдай қалыптасады, ұлпа қайта қозуға дайын
күйге оралады. Экзальтация сатысы қозғыш ұлпалардың ырғақты
əрекет атқаруында маңызды физиологиялық рөл атқарады. Егер
тітіркендіргіш əсерінің ырғағы экзальтация сатысымен сəйкес
келіп отырса, онда ұлпалар қызметі күшейіп, олар тиімді əрекет
етеді.
Субнормалы кезең іздік гиперүйексіздену (мембраналық по-
тенциал деңгейінің жоғарылауы) өршіген кезде қалыпталады.
Бұл мерзімде тыныштық потенциалы жоғарылайтындықтан
үйексіздену процесін қажетті шекке жеткізіп, қозу тудыру үшін
күшті тітіркендіргіш қолдану керек.
Қозғыш ұлпаларға қозғыштықпен қатар функционалды құ-
Достарыңызбен бөлісу: