42-кесте. Қаңқа етінің белоктық құрамы
Белоктар
Молекулалық
массасы, мың
дальтон
Пайыз
мөлшері
Миозин
Актин – γ
Тропомиозин
Тропонин комплексі (ТнТ, ТнІ, ТнС)
Актин – α
Басқа белоктар (миоглобин,
ферменттер т.б.).
460
46
70
76
180
-
55-60
20-25
4-6
4-6
1-2
5-10
Бірыңғай салалы еттер бүйірлі (шүйке тəрізді) жəне жұлдыз
пішінді, ұзындығы 60-200 мкм, диаметрі 4-8 мкм ет торшаларынан
- миоциттерден құралған. Буаздық кезеңінде жатыр миоциттерінің
ұзындығы 500 мкм жетеді. Олардың ядросы торшаның ортасын-
да орналасқан. Торша жиырылғанда ядро бұрғы тəрізді бұралып
кетеді. Ядро маңында митохондриялар мен басқа да нəрлендіргіш
(трофикалық) компоне нттер жинақталған.
Бірыңғай салалы ет торшаларының саркомплазмасында
ұзындығы 1-2 мкм шамасында актин жəне миозин профибрил-
лалары кездеседі. Олар торшаны бойлай орналасады, бірақ
миофибриллаға бірікпейді. Осымен байланысты бірыңғай са-
лалы ет талшықтарында көлденең жолақтар байқалмайды. Тор-
ша саркоплазмасы ішінде кальций иондары бар көптеген көпір-
шіктер кездеседі. Олар көлденең жолақ ет талшықтарының
саркоплазмалық торына тəн қызметтерді атқаратын болу керек.
Бірыңғай салалы ет торшалары ерекше байламдар (десмо-
сомалар) арқылы бірігіп, торша аралық гликопротеиндік зат-
тармен, коллаген жəне эластин талшықтарымен жабысқан
тығыз шоқтар құрайды. Осындай торшалары бір-бірімен тығыз
жанасқан, бірақ цитоплазмалық жəне мембраналық біртұтастығы
жоқ құрылымдарды «функционалдық синцитий» деп атайды. Ал
мұндай синцитий құрайтын торшаларды бірыңғай (унитарлы)
торшалар дейді. Қозу процесі мұндай торшалардан бір-біріне еш
кедергісіз, оңай беріледі.
|