15.1. Ет талшықтарының құрылымы
Қаңқа еттері əрқайсысының құрамында 20-60 ет талшықтары
бар жеке-жеке ет шоғырларынан құралады. Əрбір ет шоғыры сырт
жағынан дəнекер ұлпалы сыртқы етқабық - перимизиуммен, ал
əр талшық ішкі етқабық - эндомизиуммен қапталады. Жануарлар
бұлшық етінде талшықтар саны көп шамада (жүзден жүз мыңға
дейін) ауытқып отырады. Əрбір ет талшығының диаметрі 10-100
мкм, ал ұзындығы 12-16 см шамасында болады.
Ет талшықтары көп ядролы симпластық құрылым жəне онда
жеке торшалар анық шектелмейді. Əрбір талшық сырт жағынан
торшаның нағыз қабығымен - сарколеммамен қапталған, оның
ішінде саркоплазма, еттің жиырылғыш жіпшелері - миофибрил-
лалар жəне торша қосындылары - саркосомалар мен митохон-
дриялар орналасады. Митохондрияларда тотықпалы фосфорлау
процесі жүреді де, ет талшықтарына қажет қуат бөлінеді.
Миофибриллалар ет талшығының бір ұшынан екінші ұшына
дейін созыла орналасады. Олардың диаметрі 0,5-2 мкм шамасын-
да болады (167-сурет). Өз кезегінде миофибриллалар жіңішке
жəне жуан белок жіпшелерінен - протофибриллалардан (фила-
менттерден) құралған. Əрбір миофибрилланың құрамында 2-2,5
мың протофибриллалар болады. Жіңішке - актин жіпшелерінің
488
диаметрі 5-8 нм, ұзындығы 1-1,2 мкм, ал жуан - миозин жіпшілерінің
диаметрі 10-15 нм, ұзындығы 1,5 мкм. Микроскоппен қарағанда,
миофи бриллалардың ұзына бойында алма-кезек орналасқан
күңгірт - анизотроптық, жəне ашық - изотроптық жолақтар
көрінеді (168-сурет), сондықтан оны көлденең жолақты ет
талшықтары деп атайды. Талшықтың күңгірт учаскесі -
Достарыңызбен бөлісу: |