Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Жүйкенің құрылысы жəне жіктелуі



Pdf көрінісі
бет385/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   381   382   383   384   385   386   387   388   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

16.1. Жүйкенің құрылысы жəне жіктелуі

Жүйке жүйесі жүйке ұлпасынан құралған. Ал, жүйке ұлпасы 

өз кезегінде жүйке торшаларынан - нейрондардан жəне жүйкелік 

глиядан (нейроглиядан) тұрады. Нейроглия торшалары нейрондар 

аралығында орналасады да, оларды біріктіре, дəнекерлей оты-

рып, тіректік, қорғағыш жəне нəрлендіру (трофикалық) қызметін 

атқарады.

Жүйке жүйесінің құрылымдық жəне əрекеттік (функцио-

нал 

дық) негізі нейрон болып табылады. Нейрон деп жүйке 



тор 

шасы мен оның өсінділерінен тұратын құрылымды айта-

ды. Нейронның ядролы тұлғасы жəне одан жан-жаққа тарай-

тын көптеген өсінділері болады. Соңғылар денриттер - қысқа 

өсінділер жəне аксон - ұзын өсінді болып бөлінеді. Əр нейрон-

да бірнеше дендрит жəне жалғыз нейрит болады. Дендриттер 

сырттан келетін тітіркеністерді өз ұштарымен қабылдап, ней-

рон денесіне өткізетін өсінділер. Аксон - нейрон денесінде пай-

да болған тітіркеністі басқа нейрондар дендриттеріне немесе 

атқарушы органға өткізетін өсінді. Нейрон өсінділері сырты-

нан қабықпен қапталып, жүйке талшықтарына, ал олар топтаса 

келіп, жүйкеге (нервке) айналады. Жүйке организмдегі телефон 

кабелі іспеттес құрылым. Олардың негізгі қызметі - тітіркеністі 

(импульсті) өткізу. Тітіркеніс деп тітіркендіру нəтижесінде туған 

жүйкелік процесті айтады. Бір жүйке құрамында бірнеше мың 

немесе миллион талшықтар болады (176-сурет). Демек, жүйке 

жүйке талшықтарының будасы болып табылады. Мысалы, тек 

көру жүйкесі құрамында 1 млн 200 мың жүйке талшықтары бо-

латын көрінеді.



510

Қызметіне қарай жүйке 

сезімтал, қозғалтқыш жəне 

аралас болып үш топқа бөлі-

неді.  Сезімтал жүйке тітір-

кеністі дененің шеткі аймақ-

тарынан жүйке жүйесінің 

орталық бөліміне өткізеді, 

сон дықтан  оларды  орта лыққа 

тепкіш, немесе афференттік 

жүй келер деп те атайды. Бұл 

жүйкелер тек сезімтал жүй-

ке тал шықтарынан құралады. 

Қозғалт қыш  жүйке, керісін 

ше, тітіркеністі орталықтан шет-

ке, орындаушы мүшелерге қарай өткізеді. Оларды орталықтан 

тепкіш немесе эффереттік жүйкелер дейді. Бұл жүйкелер 

қозғалтқыш жүйке талшықтарынан құралған. Ал аралас жүйкелер 

құрамында тітіркеністі қарама-қарсы екі бағытта өткізетін 

орталыққа тепкіш жəне орталықтан тепкіш жүйке талшықтары 

болады.

Құрылысы жағынан жүйке паранхималық құрылым. Ол екі 

құрамадан - стромадан (төсеміктен) жəне паренхимадан (ішкі 

ұлпадан) тұрады. Жүйке паренхимасын оның құрамына енетін 

жүйке талшықтары құрайды. Ал, оларды бір-бірімен біріктіріп 

тұратын борпылдақ жəне дəнекер ұлпа жүйкенің стромасын 

түзеді. Жүйкені сыртынан қоршап тұратын дəнекер ұлпаны - эндо-



неврий, ал оларды бір-бірімен байланыстырып, талшықтар буда-

сын құрайтын дəнекер ұлпаны - периневрий жəне осы талшықтар 

будаларын бір-бірімен байланыстырып, сыртынан қоршай келе 

жүйкеге айналдыратын дəнекер ұлпаны - эпиневрий деп атайды.

Құрылым ерекшеліктеріне қарай жүйкелер үлпекті (миелинді) 

жəне  үлпексіз (миелинсіз) болып бөлінеді. Миелинді жүйке 

талшықтары жуандау, олардың диаметрі 1–25 мкм шамасын-

да болады да, миеленсіз талшықтар жіңішке (0,5–2,0 мкм) 

келеді. Миелинді талшықтар миелин жəне шван қабықтарымен 

қапталған, ал миелинсіз талшықтарда тек шван қабығы болады.

Миелинді талшықтың ортаңғы цилиндрі - оқтығы болады да, 

оның айналасында миелин қабығы жəне тізбектеле Шван торша-

лары орналасады. Миелин қабығы электр изоляторы рөлін жəне 

нəрлендіру қызметін атқарады. Шван қабығы біртұтас құрылым 

емес, оның тіркес жатқан екі торшаларының арасы қылталана 

үзіліп, Ранвье үзілімін - қылтасын құрайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   381   382   383   384   385   386   387   388   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет