түрін айтады. Олар бірнеше принциппен жіктеледі. Жалғама-
лымдық принцип тəн. Синапс үш бөліктен: алдыңғы шептік
(пресинапстық), артқы шептік (постсинапстық) мембраналар-
дан жəне синапс саңлауынан, тұрады (177-сурет).
жуандайды да, көптеген тарамдар түзеді. Осы тарамдар мембра-
514
хондриялар жəне медиаторлы көпіршіктер орналасады. Аталған
тармақтар ет талшықтары мембранасымен түйіскенде, онда
көптеген ойыстар мен қатпарлар пайда болады. Атқарушы орган
торшалары мембранасының осы бөлігін постсинапстық мем-
брана деп атайды. Пресинапстық жəне постсинапстық мембрана-
лар арасында ені 50 нм кеңістік - синапстық саңылау орналасады.
Сонымен, аксонның ұшы бұлшық ет мембранасымен көптеген
ойыстар мен қатпарлар жасай түйіседі. Осының нəтижесінде
постсинапстық мембрананың аксон ұшымен жанасу беткейі
үлкейеді. Ет талшығының синапс түзуге қатысатын аймағын
шеткей əрекет табақшасы деп атайды.
Баяндалып өткен құрылым қозуды химиялық жолмен өт-
кізетін синапстарға тəн. Синапстың бұл түрінде қозу ацетил-
холин медиаторын бөлу арқылы өткізіледі. Қозу импульсінің
əсерімен жүйке ұшының мембранасы үйексізденіп, синапстық
көпіршелер мембранамен жанасады да, олардың қуысындағы ме-
диаторлар экзоцитоздық жолмен синапстық саңылауға бөлінеді.
Бұл құбылысты жүйке ұштарына сырттан кальцийлік арналар
арқылы өткен кальций иондары жандандырады.
Ацетилхолин синапстық саңлаудан өтіп, шеткей əрекет та-
бақшасы мембранасында орналасқан рецепциялық белоктар-
мен (холинрецепторлармен) байланысады да, мембрананың на-
трий мен калий иондарына өтімділігін жоғарылатады. Осының
нəтижесінде натрий иондары торшаға еніп, одан калий иондары
шығады да, шеткей əрекет табақшасы шамамен 75 мВ-тан 10 мВ-
қа дейін үйексізденеді. Əрекет табақшасының үйексізденуі салда-
рынан қоздырушы постсинапстық потенциал (ҚПСП) туындайды
Достарыңызбен бөлісу: